Untitled Document

Жалғасы... Ерлер денсаулығына арналған кеңестер (2)

Урологқа тұрақты тексеріліп тұру. Ер адамның денсаулығы ең алдымен оның несеп-жыныс жүйесінің жақсы үйлестірілген және тиімді жұмысына байланысты, сондықтан ерлер маманы (урологқа) бару тұрақты болуы керек. Көптеген аурулар симптомсыз жасырын жүреді және ер адамды мүлде мазаламауы мүмкін. Өкінішке орай, ер адамдардың көпшілігі достарының кеңесімен немесе жарнамадағы (неше түрлі бал, қоспалармен) өзін-өзі емдеуді қалайды. Шымшық сойса да қасапшы сойсын демекші, сапалы және тиімді емдеу, мамандармен ғана жүзеге асады.

Темекіден бас тарту. Никотиннің зияны туралы айтпаса да белгілі. Алайда көптеген ерткектер темекіні тастауға қауқарсыз. Никотин қан тамырларының жиырылуына әсер етіп қана қоймай, ер ағзасына қан беруді азайтатынын есте сақтаңыз.

45 жастан кейін ісік маркерлеріне тұрақты (жылына бір рет) қан тапсыру. Ең қауіпті және жиі кездесетін урологиялық ауру - өмірге қауіп төндіретін простата обыры (рак предстательной железы). Заманауи диагностика ісік процестерін немесе оларға бейімділікті ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күніңізден ләззат алу. Адамның бақыты сыртқы жағдайларға емес, ішкі дүниетанымына байланысты. Хоббиі бар немесе кез келген нәрсені жақсы көретін адам өз өмірін әлдеқайда саналы және бақытты өмір сүретіні және әдетте құрдастарынан әлдеқайда өзін жақсы сезінетіні дәлелденген. Өзіңізге ұнайтын нәрсені табуға тырысыңыз, ол спорт болсын немесе коллекция жинау т.б. Ең бастысы нәтижеден емес - процестің өзінен ләззат алуды ұмытпаңыз.