Untitled Document

Денсаулық... Ерлер денсаулығына арналған кеңестер (1)

Нашар экологиялық жағдайлар, дұрыс емес және жүйесіз тамақтану, энергетикалық сусындар, химиялық заттар, консерванттар, әртүрлі электронды тұрмыстық техниканың сәулесі - мұның бәрі адам ағзасына зиянды әсер етеді. Бүгін ерлер қауымы үшін денсаулықты сақтаудың және жастықты ұзарту үшін қажетті кеңесімізді ұсынамыз.

Физикалық қозғалыс. Спортпен айналысыңыз, көбірек жүріңіз, мүмкіндігінше жиі қозғалуға тырысыңыз. Таңертең 10-15 минут жаттығу жасау сіздің күні бойы сергек жүруіңізге септігін тигізеді.

Жүйелі тамақтану. Ер адамға барлық органдардың атап айтқанда, жыныстық жүйесінің қалыпты жұмыс жасауы үшін жүйелі тамақтану қажет. Дұрыс тамақтану арқылы  ер адам ерлер жыныстық гормондары үшін қажетті материалын алады. Сондықтан тағамда майлардың, ақуыздардың және көмірсулардың жеткілікті мөлшері болуы керек, соның арқасында негізгі еркек гормоны - тестостерон да қалыпқа келеді.

Тестостерон деңгейін ұстап тұру. Тестостерон гормоны ерлердің денсаулығы үшін өте маңызды. Оның жетіспеушілігі жүйке және вегетативтік-тамыр жүйесіне ғана емес (ұйқысыздық, тітіркену, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, қан қысымның жоғарылауы, терлеу), сонымен қатар өмірге және жұмысқа қабілеттілікке, жалпы қызығушылыққа кері әсер етеді. Тестостерон тапшылығы бұлшықет массасының төмендеуіне және артық салмақ пен майдың жоғарылауына сонымен қатар остеопороздың (остеопороз – сүйектердің жұқарып, нәтижесінде олардың бұзылу мүмкіндігі жоғарылайтын кең тараған ауру, мұндай сынықтар ауру сезімі, бүкірлік, қозғалудың қиындауы сияқты әр түрлі проблемалар туындатады) дамуына әкеледі.

жалғасы ертең...