Untitled Document

Күннің тарихы... Рағаиб түні!

Қасиетті Ражаб айының алғашқы жұма түні Рағаиб түні деп аталады. Исламда барлық жұма түндері қасиетті. Бұл екі қасиетті түн бірге келгенде қасиеттілігі одан да арта түседі. Аллаһу та’ала бұл түні мұсылмандарға жақсылықтар, сый-сияпаттар береді. Бұл түнге құрмет көрсеткендерді кешіреді. Бұл түні жасалған дұғалар қайтарылмайды және де намаз, ораза, садақа сияқты ғибадаттар үшін сансыз көп сауаптар беріледі.

Рағаиб түнін ғибадатпен өткізу керек.

Бейсенбі күні ораза тұтып, түнінде ғибадат ету өте сауапты болады. Бейсенбімен бірге жұма күні де ораза тұтудың зияны жоқ. (Ғунийа)

Ражаб – Аллаһу та'аланың айы. Ражаб айына құрмет көрсеткен адамға Аллаһу та'ала дүние мен ахиретте сый-сияпат береді.

Ражаб айының алғашқы жұма түнін құлшылықпен өткізген, құрмет көрсеткен адамға Аллаһу та'ала қабір азабын бермейді. Дұғаларын қабыл етеді. Тек жеті адамды кешірмейді және дұғаларын қабыл етпейді, олар: Пайыз алып-беретін адам, мұсылмандарды төмен санайтын адам, ата-анасын жәбірлеп, оларға қарсы шығатын бала, діннің үкімдерімен амал етуге тырысатын мұсылман күйеуін тыңдамайтын әйел, ән мен музыкалық аспаптарды кәсіп қылғандар, лиуата және зина етушілер, бес уақыт намазын оқымайтындар. Бұлар бұл күнәларынан бастартпағанша, тәубе етпегенше дұғалары қабыл болмайды.

Ибн Абидин “рахметуллаһи та’ала алейһ” бесінші том, екі жүз алпыс тоғызыншы бетте былай дейді: «Баланың әке-шешесінің атын атап шақыруы және әйелдің күйеуін есімімен шақыруы тахримән мәкрух, яғни кіші күнә болады. Оларды құрмет білдіретін мәндегі сөздермен және қасына барып шақыруы керек. Алыстан айқайлап шақырмау керек.» (Садәти Әбәдийа)