Untitled Document

Жалғасы... Астың бетін ашық қалдырма (2)

Кемпір таң ата салысымен шараны тексеру үшін көршісінің үйіне барады. Әлгі ыдыс көзіне оттай басылады. Ішінде сүт тұр екен. Сүтті сүзіп сақинасын тауып алады. Сол кезде түндегі бейтаныс адамдардың жын екенін түсінеді.

Көршісіне болған жағдайды баяндап, сүтке жын баласының шомылғанын айтады да, сүтті адам аяғы баспайтын жерге төктіріп тастайды.

Көршінің келіні бұрыннан салақ еді. Ырым-тыйым талаптарға жеңіл қарайтын. Майлықтары, жаулықтары айлап-апталап жуылмайтын еді. Кешкі астан соң ыдыстарын жууға ерініп жата салатын. Үйдегі ас-ауқаттың бетін бүркеп жабуға да ерінетін. Сол күні сүттің де бетін жаппастан жатып қалыпты. Оның ашық-шашық ыдыстарын жын-жыпырлар жалап кетеді екен. Соның кесірінен үйінің берекесі қашып, отағасы еселеп мал тапса да, бақуатты өмір сүрмейтін. Осыған байланысты ел ішінде түнге қарай сүт пен суды, ас-ауқатты ашық тастамау, ыдыс-аяқты жуып жату туралы ырым-талаптар көбейген екен.

Шайтандардың үйге кірмеуі үшін

Сұрақ: Шайтандардың үйге кірмеуі үшін не оқу керек?

Жауап: Үйге кірерде Аят-әл-күрси оқылса, шайтан ол үйге кіре алмайды. Одан бөлек үйде Құран кәрім оқылғанда шайтандар үйден алыстайды. Ибн Мәсуд хазреттері айтқан:

«Бақара сүресінің басындағы 5 аят оқылған түні үйге шайтан кіре алмайды.» (Дарими)

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Үйге кірерде бисмиллаһ айтылса, шайтан "Бұл үйге кіруім мүмкін емес" деп қайтып кетеді.» (Тибйан)

«Үйден шығарда "Бисмиллаһи, тәуәккәлту алләллаһи, лә хаула уәлә қууата илла биллаһ" деп оқыған адам қауіп-қатерден қорғанады және шайтан одан алыстайды.» (Тирмизи)

«"Әузу бикәлиматиллаһит таммати мин шәрри мә халәқа" дұғасын оқыған адамға сол жерден кеткенге дейін ештеңе зиянын тигізе алмайды.» (Мүслим)