Untitled Document

Әңгіме... Астың бетін ашық қалдырма (1)

Ертеде бір кейуана болыпты. Ол аяғы ауыр әйелдердің босануына жәрдемдеседі екен. Әйелдер «қолы жеңіл» деп, оның алдына жиі келіпті.

Бір күні түн ортасында есігін біреу қағады. Кейуана есікті ашса, ешкім жоқ. Кемпір «қағыс естіген шығармын» деп, қайта жатады. Осы жағдай екі рет қайталанады. Үшінші рет есікті ашқанда ақбоз атты кісіні көреді. Реңі бөлек, жергілікті тұрғындарға ұқсамайтын адам екен.

- Бір келініміз босана алмай жатыр, соған жәрдем берсеңіз, - дейді ол.

Кемпір келісіп жолға шығады.

- Апа, көзіңізді тарс жұмыңыз, біз айтқанша ашпаңыз, әйтпесе майып боласыз, - дейді. Кемпір көзін жұмып отырады. Жолда гүрсілдеген, салдырлаған оқыс дыбыстардан қорқып, зәресі ұшып отырады. Бір жерге жеткенде:

- Апа, көзіңізді ашыңыз, - дейді әлгі адам. Қараса бір үйге келіпті. Төрде бір жас келіншек босана алмай қиналып жатыр екен. Кемпір бірден іске кірісіп аман-есен босандырып алады. Нәрестенің кіндігін кесіп:

- Баланы шомылдыратын су әкеліңдер, - дейді. Өзін ертіп әкелген кісі: «Қазір», - дейді де біраз уақыттан соң су емес сүт әкеледі. Баланы шомылдырып қараса, шара көршісінің сүт құятын ыдысына ұқсайды екен. Кемпір секем алып қалады. Басқаларға білдірмей, сақинасын сүтке салып жібереді. Бәрі біткен соң олар баланы шомылдырған сүт пен ыдысты қайтадан алып кетеді. Үй иелері кемпірге мол сыйлық беріп, үйіне әкеліп тастайды.

жалғасы ертең...