Untitled Document

Жалғасы... Солтүстік кореяның адам төзгісіз тыйымдары жайлы (2)

 (Білесіз бе? Мұнда айыпталушы қылмыскер жазаны бір өзі емес отбасы мүшелерімен түгел тартады. Әсіресе, саясаттық қылмыстарға байланысты. Егер, бір адам мемлекет басшысына тіл тигізген болса, ата-анасы, баласы, тіпті атасы мен әжесі де айыпты болады).

9) Айтса сенгісіз, бірақ мұнда әркім өз қалауымен шаш үлгісін жасата алмайды. Мемлекет басшысы Ким Чен Ын тағайындап берген 28 түрлі шаш үлгілері бойынша ғана шаш қидыртады.

10) Туристтер өз еріктерімен барар бағытын белгілей алмайды. КХДР-ға келген туристке, қайтқанға дейін арнайы бақылаушы бір адам тағайындалып бірге жүреді, туристтік маршруттарды да сол тағайындайды. Сондай-ақ туристтерге жергілікті жерлерді суретке түсіруге және тұрғындармен сөйлесуге болмайды.

11) Басшылықты таңдау. Мұнда да сайлауы болады, бірақ кімнің жеңетіні дауыс беру басталмай жатып-ақ бәріне белгілі.

12) БАҚ (Бұқаралық ақпарат құралдары) тарататын кез-келген мәлімет билік тарапынан қатаң бақыланады. Журналист мамандарының жауапкершілігі өте жоғары, себебі мәтіндегі қате үшін жұмыстан айырылып қана қоймай түрмеге жабылу да ғажап емес.

13) Солтүстік корей көшелерінде билікті және мемлекет басшысын мақтап ілінген плакаттарға тиісуге, қандай да бір зақым келтіруге болмайды. Бұл үшін ұзақ жылға еңбек лагерьіне айдалуы мүмкін.

14) КХДР-да бала туылмай жатып, оның қай санатқа жататыны анықталады. Солтүстік кореяда адамдар үш санатқа бөлінеді. Жоғарғы, бейтарап және жаулар. Бұл елде төменгі санаттан шыққан бала жоғары лауазымдарға келе алмайды.

15) Тұрғындар басқа елге қоныс аудара алмайды. Тек белгілі себеппен және арнайы рұқсаты бар адам ғана басқа мемлекетке бара алады. Еш себепсіз елден қашпақшы болған адам ұсталып қалса бірден темір торға қамалады немесе ату жазасына кесіледі. Бұған қарамастан он мыңдаған адам бұл елден сәтті қашып құтылған.