Untitled Document

Сіз білесіз бе?! Солтүстік кореяның адам төзгісіз тыйымдары жайлы (1)

Бәрімізге белгілі КХДР (Корей Халық Демократиялық Республикасы) жабық мемлекет болып табылады. 1948ж 9 қыркүйекте КХДР ресми түрде жарияланды. 2016 жылғы халық санағы бойынша 25 368 620 адамды құрайды. Жер аумағы әлем бойынша  97 ші орында. Астанасы Пхеньян қаласы. Мұндағы ішкі тыйымдарға тоқталсақ.

1) Көк түсті джинсы киюге болмайды. Корея үкіметі империялизм мен көгілдір түсті байланыстырады. Яғни көк түсті джинсы киген адам халық жауы болып саналады.

2) Газдалған сусын ішу. Газдалған сусын ішуге тыйым салған екі мемлекеттің бірі Солтүстік корея болып табылады. Оны тек заңсыз түрде алуға болады.

3) Өзге елдің музыкасын тыңдауға, фильмдерін көруге және кітаптарын оқуға тыйым салынған. Бұл заңды бұзатын болса қатаң жазаланады. Осылардан тек цензурадан өткендерін ғана пайдалана алады.

4) Ел ішінде емін-еркін барды-келді жасауға болмайды. Бір қаладан екінші қалаға бару үшін арнайы рұқсат алу қажет, ол да оңайлықпен берілмейді.

5) Мұнда заңды жолмен пәтер иесі атану мүмкін емес. Елдің қарапайым тұрғынына пәтер алу қиынның қиыны. Сондықтан қара нарықтан алады немесе мемлекетке кезекке тұрады.

6) Жеке көлігінің болуы. Мұнда тек жоғары лауазымдағы адамдар ғана жеке көлік ала алады. Қатардағы қарапайым адамдардың көлік жүргізгенін көрсе бірден абақтыға жабады.

7) Дін ұстану. Бұл елде қандай да бір дінді ұстануға тыйым салынған, сондықтан барлық дерлік тұрғындар атеист болып келеді. Сонымен қатар үйлерінде діни кітап ұстауға болмайды. Мұнда тек басшыларына ғана табынады.

8) Мемлекет басшысына және отбасына тіл тигізуге болмайды. Солтүстік корей тұрғындары басшылары Ким Чен Ын және отбасы мүшелеріне деген махаббаттары мен құрметін көрсетуі керек. Олар туралы басқа сөз айту билікке қауіп төндірген болып есептеледі және соңы абақтыға алып келеді.

(жалғасы ертең...)