Untitled Document

Мәлімет... Күнтізбеміздегі уақыттардың анықтамасы

            ИМСАК: Ораза тұтқанда ауыз бекітетін уақыт.

БАМДАТ: Таң намазының алғашқы уақыты. «Күн» деп белгіленген уақытқа дейін жалғасады.

КҮН: Таң намазы уақытының біткенін білдіреді.

БЕСІН: Бесін намазының алғашқы уақыты. Бесін намазының уақыты екінді уақытына дейін жалғасады.

ЕКІНДІ (Асыр): Екінді намазының басталу уақыты. Күнтізбеміздегі екінді уақыты Екі Имамның (Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің) «Асри әууәл» үкімі бойынша берілген. Екінді намазының уақыты шам уақытына дейін жалғасады. Елімізде қалыптасқан «Асыр уақыты шам уақытынан екі сағат бұрын кіреді» деген сөз тек оңтүстік облыстарымызға қатысты айтылған! Бүкіл аймақтарды қамтымайды.

АҚШАМ: Шам намазының алғашқы уақыты. Ораза тұтқанда осы шам уақытында ауыз ашылады. Шам намазының уақыты құптан уақытына дейін жалғасады.

ҚҰПТАН: Құптан намазының алғашқы уақыты. Күнтізбеміздегі құптан уақыты екі имамның «Иша-и әууәл» үкімі бойынша білдірілген уақыт. Құптан намазының уақыты имсак уақытына дейін жалғасады.

            (Жердің ендік градустары (90 – ауытқу)  дан көп болған жерлерде түн және күндіз мүлдем болмайды. Жердің ендік градусының (90 градусқа толықтырғандағы) көрсеткіші (ауытқу + 19дан) кіші болса, яғни жердің ендік градустарымен күннің ауытқуының айырмасы 90-19=71 немесе одан да көп болған кездерде, басқаша айтқанда, күннің ауытқуы 5 градустан көп болған жаз айларында аспанда ақшам уақытының шапағы жоғалмай тұрып имсак (фәжр,таң) уақыты басталады. Сондықтан күнтізбемізде берілген Қазақстанның 27 қалаларының ең солтүстігінен бастап, 16 қаласында мамырдың бесінен тамыздың жетісіне дейінгі аралықтағы күндерде құптан мен таң намаздарының уақыттары кірмейді. Ол уақыттар күнтізбемізде шартты түрде (*) жұлдызшамен берілген. Алдында «жұлдызша ишарасы» бар имсак және құптан уақыттарына тән болған күндердің саны сол елді мекеннің ендік өлшемі 47°33' -тан қаншама үлкен болуына байланысты. Яғни, полюске қарай неғұрлым жақын болған сайын жұлдызшамен белгіленген күндері соғұрлым көп болады.