Untitled Document

Тарих... Байдың мүлкі

Тарихта дүние-мүлік жинап, қалдырып кеткендердің мысалдары өте көп кездеседі. Бұлардың ең танымалдарының бірі – Мұса алейһиссаламның заманында өмір сүрген және туысқаны боп келетін Харун болып табылады. Байлығының тек кілттерін ғана 40 қашыр (есек) таситын. Мұса алейһиссаламнан химиялық жолмен алтын жасауды үйренді. Байығаннан кейін зекетін бермеді және пайғамбарға жала жапқаны үшін алтын сарайлары, мал-мүліктерімен бірге жерге батты.

Әміршілерден Бағдаттың әкімі Сұлтан Ахмед те байлық жинады. Мүліктерін, алтындарын тас сандықтарға салғызды. Бір түні Дижла өзеніне алып барып, өзеннің терең түбіне түсірді. Сандықтарды қайда тастағандарын айтпасын деп, бұл жұмысты істегендердің барлығын өлтіртті. Өзі қайтыс болғанда, бүкіл байлығы Дижла суының түбінде қалды. Өзінің ұрпақтары да құрып кетті.

Тағы бір мысал, Хорасан әмірі Мырза Шахрух та мал-мүлік жинады. Ол да осылар сияқты өлді...

Ғалымдардың бірінен «Патшаларға байлық керек пе?» деп сұралғанда:

«Патшалардың негізгі байлығы елді әділ басқаруы мен халықтың игі дұғасын алуы» -  деп жауап берген екен.