Untitled Document

Күннің тарихы... Тұрар Рысқұлұлы

Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 1859 жылы  Сырдария  облысы Черняев уезі, Майлыкент болысында (қазіргі Түлкібас ауданы) туған. Жергілікті би-болыстардың қысымына шыдай  алмаған әкесі осында  қоныс  аударған екен. Елге  аты мәлім кәнігі аңшы Рысқұл жергілікті жер жағдайын жетік білгендіктен, 1903 жылы зерттеуші ғалым С.Д.Димитриев Талғар тауын зерттегенде жол бастаушы болыпты. Есіл өзенінің бастауындағы мұзды алқап «Рысқұл  алқабы» деп аталады.

Жаңа қонысында да әділетсіздікке тап болған Рысқұл 1904 жылдың  желтоқсанында  халыққа  тізесі  батқан  әрі өзіне  нақақ  жала  жапқан  болысты атып өлтіріп, Верный түрмесіне жабылады.

Тұрар, 1907  жылы  Меркедегі  орыс-түзем бастауыш мектебіне Қырғызбаев деген бүркеншек фамилиямен  қабылданып, оны үздік  бітіреді.

1910 жылы Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне оқуға түсіп, 1914 жылдың  қазанында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіреді. 

1916  жылдың  жазында  қазақ  даласында  патша  өкіметіне  қарсы  ұлт-азаттық көтеріліс бұрқ ете қалған. Жалынды жас Әулиеата уезіндегі қазақтардың ұлт-азаттық  көтерілісіне қатысып, өзін қалың бұқараның әділет жолында тайсалмайтын жетекшісі ретінде  көрсетеді. Т.Рысқұловты  патша  әкімшілігі  тұтқындағанымен, іс-әрекетінен кінә таба алмай, босатады. 

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң  қапастағы халқының тағдырына налыған намысты жас азаттық жолындағы күреске белді бекем буып  кірісу қажет деген шешімге келеді.

1917  жылы  25  қазанда  Петроградта  жеңіске  жеткен  Қазан  социалистік  революциясы  буржуазиялық  Уақытша  үкіметті  құлатып, саяси  билік  басына  Кеңес  үкіметі мен  большевиктер  партиясын  келді. 

Орта Азияға қылышын сүйреп ентелей келген кеңес үкіметімен Алаштықтар арқа тіреп, жан аямай, білімі мен білгірлігін азу етіп арыстанша алысты.  Бір ғана Тұрар Рысқұлдың өзінен біршама кеңестің қолшоқпарлары именетін. Оның әрбір сөзі көңілге мірдің оғындай тиетін. Оқыған, көзі ашық, азуын айға білеген адуынды Тұрар Рысқұлов «пантүркішіл» деген айып тағылып Мәскеу түрмесінде 1938 ж 10 ақпанда жүрек ауруынан қаза тапты.