Untitled Document

Сұхбат... Төрт мазһабта дәреттің парыздары

Ханафи мазһабында:

1.Бетті жуу.

2.Екі қолды шынтақпен қосып жуу.

3.Бастың ең аз дегенде төрттен біріне мәсіһ тарту.

4.Екі аяқты тобықпен қосып жуу.

Малики мазһабында:

1.Ниет ету.

2.Бетті жуу.

3.Екі қолды шынтақпен қосып жуу.

4.Басты толығымен мәсһ ету.

5.Екі аяқты тобықпен қосып жуу.

6.Мууалат. (Арасын үзбей, мүшелерді бірінен соң бірін жуу)

7.Дәлк. (Жуылатын мүшелерді ысқылап жуу)

Шафии мазһабында:

1.Ниет.

2.Бетті жуу.

3.Екі қолды шынтақпен қосып жуу.

4.Бастың аз бір бөлігін мәсһ ету.

5.Екі аяқты тобықпен қосып жуу.

6.Тәртіп. (Өз ретімен, кезегімен жуу)

Ханбали мазһабында:

1.Ниет.

2.Бисмилләһ айту.

3.Бетті жуу.

4.Ауызды жуу.

5.Мұрынды жуу.

6.Екі қолды шынтақпен қосып жуу.

7.Басты толығымен мәсһ ету.(Құлақтар басқа жатады)

8.Екі аяқты тобықпен қосып жуу.

9.Тәртіп.