Untitled Document

Тарих... Тарихи жауаптар

  • Сұлтан Алпарслан 27 мың әскерлерімен Византия жерінде ілгерілеп келе жатқанда барлауға жіберген әскерлерінің біреуі алдына келіп, үреймен: «300 мың адамдық дұшпан әскері бізге жақындап келеді» дегенде Алпарслан: «Біз де оларға жақындап келеміз» деген екен.
  • Сократ өлім жазасына кесілгенінде әйелі: «Әділетсіз түрде өлім жазасына кесіліп жатсың!» деп жылай бастайды. Сократ оған былай деп жауап береді: «Не, сонда әділетті түрде өлтірілуім керек пе еді?» 
  • Явуз Сұлтан Сәлим Хан басқа да Осман патшалары секілді жорыққа аттанатын жерлерін құпия ұстайды екен. Бірде жорыққа шығарда уәзірлерінің біреуі қай өлкеге бара жатқанын қоярда-қоймай сұрайды. Явуз Сұлтан оған: «Сен сыр сақтауды білесің бе?» дейді. Уәзірі: «Әлбетте әміршім, білемін» дегенінде сұлтан: «Мен де білемін» деп жауап беріпті.
  • Франция үкімет мүшелерінің бірі саусағын картаның үстінде жүргізіп: «Ең бірінші осы жерді жаулап алуыңыз керек еді, сосын басқа жерлерді жаулай беретін едіңіз» деп Наполеонға сын айта бастайды. Сонда Наполеон: «Иә, оларды саусақпен жаулап ала беру мүмкін болғанда айтқаныңыздай істер едім» деген екен.
  • Бір философтан «Сіз сәттілікке (везение) сенесіз бе?» деп сұралғанда философ былай деп жауап қатыпты: «Иә, әйтпесе жақсы көрмейтін адамдарымның жетістіктерін қалай түсіндірер едім.»
  • Бір жиналыста бір жас жігіт түрік ақыны Мехмет Акифты кемсіту үшін: «Кешіріңіз, сіз ветеринарсыз (мал дәрігерісіз) ба?» деп сұрағанында, Акиф еш қынжылмастан: «Иә, бір жеріңіз ауырып тұр ма?» деп жауап беріпті.
  • Бір күні философ Диоген өте тар көшеде бай, тәкаппар адаммен кезігіпті. Біреуі шетке шығып жол бермейінше өту мүмкін болмапты. Алайда, маңғаз бай философқа: «Мен бишараларға жол бермеймін» депті. Сонда Диоген жолдың шетіне шығып: «Ал мен жол беремін!» депті.