Untitled Document

Пайдалы кеңестер... Емдік маска

Бұл маскалардың  бір ерекшелігі әрбір үйден табылады және арзанға түседі.

1. Картоп.Күннің көзінде көп жүретін адамдардың беті жарылып, құрғап кетеді.  Мұны болдырмау үшін картопты қабығымен суға пісіріп, аршып ыстықтай кішкене сүт пен жұмыртқаның сарысын қосып араластырады. Бұл масканы ыстық күйінде жағып, 20 минут ұстайды.

2. Алма. Алма бетті нәрлендіру үшін құрғақ бетке алманы үккіштен өткізіп, оған жұмыртқаның сарысын қосасыз, егер бетіңіз майлы болса, онда жұмыртқаның ағын қосасыз. 15-20 мин ұстайсыз.

3. Шабдалы. Безеуге қарсы. Қабығы мен тұқымынан тазартылған шабдалыны езіп, бетке сіңіріп алып сүртеді. Шырынды сіңіру уақыты 10 минут.

4. Өрік. Секпілге қарсы. Қабығы мен тұқымынан тазартылған өріктен ботқа жасайды. Оны 10-15 минут бетке жағып қояды. Жылы сумен шайып тастау керек.

5. Айран. Шашты жалтыратып, көлемін ұлғайтатынын біздің әжелеріміз жақсы білген. Шашты жуар алдында  1 сағат бұрын жағып қояды.

6. Пияз. Пияз да шашқа пайдалы. Пияз кесінділерімен шашты жиі сүртсе, шаш жылтырап, тезірек өседі. Ал, пиязды суға қайнатып, тұнбасымен шашты шайсаңыз сарғылт түске боялады, әрі қайызғақты кетіреді.

7. Лимон шырыны маса шаққанда қолда басқа арнаулы майлар болмаған кезде пайдалы.

8. Лимон. 1 кг.лимонға 0,5 қант салып салқын жерге қойып қояды. 1 тәуліктен кейін араластырып шайға, суға қосып ішсеңіз тұмаудың алдын алады.

9. Чеснок (сарымсақ). Бұл да тұмауға қарсы жақсы көмектеседі. Чеснокты, сарымсақты аршып, ұсақтап турайды да үстінен аптекадан спирт алып қосасыз да, бетін жақсылап жауып 1 апта мұздатқышта сақтайсыз. 1 аптадан соң таңертең ас ішердің алдында шай қасықтың ортасындай ішіп отырсаңыз тұмаудан жазылып, ішек-құрт ауруынан тазартылады және адам организімінің тазартылып, жасаруына үлкен септігі бар.

10. Лавр жапырағы. Лавр жапырағын алып жуып, эмал ыдысқа салып қайнатады. Қайнаған суды суытып шаш жуатын суға қосса, шаш жылтырап түсуінен арылады.