Untitled Document

Күннің тарихы... Имам Раббани

Ғалымдардың нұры, әулиелердің көсемі, Исламның сақшысы және Мұсылмандардың панасы болған Имам Раббани Мужаддид Әлфи Сани Ахмед Фаруқи Сарханди хазрет хижри 971 ж. (м. 1563) Үндістанда Сарханд қаласында туылып 1034 ж. (м. 1624) сол жерде қайтыс болды.

Ұлы ғалым, кемел әулие және мүжтаһид еді. Сілсілә-и алияның (ұлы шежіренің) жиырма үшіншісі. Нақшибандия, Қадирия, Чәштия, Кубрауия, Сухрауардия тариқаттарында кәміл ғалым еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген:

«Үмбетімнен Сыла есімді біреу келеді. Оның шапағатымен жәннатқа көп адам кіреді».  (Суюти)

Бұл хадис шәрифтегі Сыла есімінің Имам Раббани хазретке лайық екендігін жүздеген ғалым бір ауыздан айтқан. Сыла есімін одан бұрын ешкім алған емес. 17 жасында захир және батын ілімдерінің ұстазы болды. Жоғарғы мәртебелері, теңсіз дәрежелері, кереметтері және барлық жағынан үстемдіктерін айтуға сөз жетпейді.

Үндістандағы (Бабур) Гургания мемлекетінің патшасы Сұлтан Сәлим Жихангир ханның ұлы Шах Жахан таққа отыру үшін әкесіне қарсы шықты. Әскері көп және әкесінің жанындағы қолбасшылардың көбі өзінің тараптары болғанымен жеңіске жете алмады. Сол заманның әулиелерінің біріне барып жағдайын айтып дұға сұрады. Әулие кісі оған былай деді:

  • Сенің жеңіске жетуің үшін бұл заманның төрт әулиесі саған дұға етуі керек. Бұлардың үшеуі сені қолдағанымен бұлардың ең ұлысы болған төртіншісі сенің әрекеттеріңе разы емес. Ол Имам Раббани хазрет.

Шах Жахан оның алдына келіп дұға етуі үшін жалынды. Имам Раббани хазрет әкесіне қарсы шығуына кедергі болып оған насихаттар айтты және былай деді:

  • Әкеңе бар, кешірім сұрап көңілін ал! Жақында әкең қайтыс болады, билігі саған қалады.

Шах Жахан айтқанын тыңдап, өз райынан қайтады. Біраз күндерден кейін әкесі қайтыс болады.