Untitled Document

Тарихи дерек... Ұлы Отан соғысы туралы қызықты тарихи 10 дерек (3)

8) Ұлы Отан соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың шеңберінде болғаны белгілі. 1945 жылы Германияны тізе бүктірген КСРО әскерлері оның одақтасы Жапонияны да тізе бүктірді. Сол уақытта Кеңес әскерлерінен қатты қорыққан Онода Хиро есімді партизан соғыстың аяқталғанына сенбей орман арасында жалғыз өзі партизандық жұмыстарын жүргізе берген. Тек арада 29 жыл өткен соң (1974 жылы) оны тауып алған әскерилер соғыстың аяқталғанын жеткізеді. Әскерилердің де бұл сөзіне сенбеген ол тек жапондық командирдің сөзінен кейін ғана қаруын тастап бейбіт өмірге араласа бастаған.

9) Ұлы Отан соғысы кезінде кеңестік 667 баланы құтқарып қалған кісінің есімін айтуға тыйым салынған. Тыйымды салған ерлік жасаушының өзі. Ол бұл ісін азаматтық борышы ретінде санайды және «бұл іске бола марапатталуға тиіс емеспін» дейді.

10) Берлин қаласына тасталған алғашқы бомбадан адамдар зардап шекпеген. Бомба зоопарк үстіне түсіп, тек бір піл ғана мертіккен.

Денсаулық…Пайдалы болғандар

  1. Табиғи азықтар: бал, айран, сүт, ірімшік (сыр), жүзім, тұт жемістерінің қайнатылған шырыны, зәйтүн және сары майынан жасалған тағамдар, жеміс-жидектер мен көкеністер, әсіресе салаттар және қара нан. 
  2. Жоспарлы жұмыс, жеткілікті қозғалыс және спорт, иманды, ұқыпты және адал жанұялық өмір.

Зиянды болғандар

  1. Алкоголь, темекі, әр түрлі есірткілер, химиялық өнеркәсіп өнімдерімен байланысты азықтар, өңделген өнімдер (шекер, тұз, маргарин,...) шоколад және қоспалары, қуырылған тамақтар, дәмдеуіштер және консервілер, көп ет және тұрып қалған тағамдар...

Жұмыссыздық, имансыздық, жалқаулық, әдепсіздік, көп тамақ жеу, көп ұйықтау...