Untitled Document

Тарихи дерек... Ұлы Отан соғысы туралы қызықты тарихи 10 дерек (2)

5) Мәскеуді жаулап алмақ болған немістер кеңестік ғалымдарды «ақымақ» санаған. Себебі, Кеңестік ғалымдар жасаған Мәскеу қаласының картасынан Кремльді іздеген немістер оны картадан тапқанымен, шынайы өмірде таба алмайды. Әсіресе немістің бомбалаушы ұшақтарының ұшқыштары Мәскеуді бомбалаған кезде Кремльді таппай әуреге түскен. Тіпті оның бар екеніне сенімсіздік танытқан. Қаланың төбесінен қанша барлау жұмыстарын жүргізсе де Кремльді таба алмайды. Кейіннен белгілі болғандай, Кеңес үкіметі жаудан қорғану үшін Кремльдің күмбездерін қара түске бояп, оның мұнараларын өртенген кейіптегі үйлер тәрізді етіп декорациялаған. Кремльге жақын барлық ғимараттар да бомбадан кейінгі ғимарат қалдықтары тәрізді түспен боялады. Осылайша кеңестік ғалымдар мен архитекторлар Кремльді сақтап қалған еді.

6) Ұлы Отан соғысының тарихында екі Гитлер болды. Немістерге қарсы соғысқан кеңестік бір солдаттың фамилиясы да Гитлер болатын. Кейін оның Гитлер деген фамилиясы Гитлев болып өзгертілген деген деректер бар.

7) Соғыс тарихында өз еркімен жалғыз өзі немістерге қарсы шайқасқан кеңестік жауынгер туралы көпшілік біле бермейді. Тверь қаласын жаудан тазартуға аттанған жауынгердің бұл жоспары ротадағы өзге жауынгерлерге белгісіз еді. Жауынгер (аты-жөні айтылмайды – Авт.) түн ортасында танкке отырып, Тверь қаласына аттанады. Түн ішінде фашистердің армиясын дүрліктірген жауынгерге қаладағы бүкіл неміс әскері қарсы шығады. «Қалаға кеңес әскерлері басып кірді» деп қорыққан неміс әскерлерінің көбі қаладан қашып та үлгереді. Қалада жалғыз танкпен шайқас болып жатқанда көмекке келген кеңес әскерлері қаланың бір бөлігін азат етеді. Есімі аталмайтын бұл жауынгер осы ерлігі үшін генерал Коневтің қолынан «Қызыл жұлдыз» орденін алады.

(жалғасы ертең...)