Тарихи дерек... Ұлы Отан соғысы туралы қызықты тарихи 10 дерек (1)
Ұлы Отан соғысының салдары түрлі статистика мен деректерге толы. Уақыт өте келе жаңа деректер табылып, Жеңістің тарихи маңызы арта түсуде. Назарларыңызға 1941-1945 жылдардағы «Ұлы Отан соғысы жайлы деректер» айдарын ұсынамыз.
1) Гитлер Сталиннен гөрі кеңестік әйгілі диктор Левитанды сұмдық жек көрген. Тіпті оның басын кесіп әкелген солдатқа арнайы марапат пен 250 000 марка сыйақы жариялаған. Гитлер оны Кеңес Одағын жаулап алған кезде бірден ату жазасына бұйырылатын адам ретінде тізіміне бірінші етіп жазған. Бірақ Гитлердің бұл «арманы» орындалмай, Левитанға Германияның тізе бүккені мен Жеңіс күнін радио арқылы жариялау бақыты бұйырды.
2) Сталинге кеңестік көлік құрастырушылар «Родина» көлігін таныстырады. Қолбасшыға көліктің өзі ұнағанымен оның атауы ұнамайды. Сталиннің ойынша «Родина» атауы бар зат ешқашан сатылмауы тиіс» болған. Сондықтан көлікке «Победа» деген атау берген. Аталған көліктер Кеңес халқына 50 жылдан астам қызмет етті.
3) Ұлы Отан соғысы әйгілі тарихи қолбасшы Әмір Темірдің қабірін қазғаннан кейін бір күннен соң басталды. Қолбасшының қабірін қазатын кезде діни сенімдегі адамдар ғалымдарға қабірді қазбауын өтінген. Егер оны қазса соғыс басталуы мүмкін екенін де ескерткен. Ғалымдар бұл сөзге иланбай 1941 жылы 21 маусымда қабірді қазады. Арада 1 тәулік өтпей жатып Ұлы Отан соғысы басталды.
4) Соғыс туралы әндердің қатарында көп айтылатын атақты «Смугланка-Молдаванка» әні 1940 жылы жазылған болатын. Ән 1944 жылы бүкілодақтық патриоттық әндердің қатарында айтылды. Бірақ, Кеңес билігі бұл әннің таралуына белгісіз себептермен тыйым салды. Тек 1974 жылы түсірілген «В бой идут одни старики» фильмінде айтуға рұқсат етілді. Отыз жыл бойы бұл әнге неге сонша тыйым салынғаны әлі күнге дейін құпия болып келеді. Қазіргі кезде кез-келген Жеңіс күні мейрамдары бұл әнсіз өтпейді.
(жалғасы ертең...)