Сұхбат... Күпірлікке апаратын жағдайлар (2)
- Құран Кәрімді, мәулітті және діни өлеңдерді музыкалық аспаппен оқу.
- Дінімізде үйренілуі парыз болған нәрселерді үйренбеу, үйренуді қажет деп санамау.
- Сиқырдың, дуаның шынымен әсер ететінене сену.
- Өлген адамның рухының басқа адамға, балаға өтетініне сену.
- Залым адамды әділ деу.
- Харам істеген адамға «жақсы істедің» деу.
- «Мүміннің аузының ішіне…» деп сөгу.
- Басқа әйелге құштарлықпен қарап, «Әдеміге қарау сауап» деу.
- Аз шарапқа «Аз ішсең күнә болмайды» деу.
- Әдемі сәби көргенде «Аллаһ бұл балаға бар күшін салып жаратыпты» деу.
- Жамандау үшін «пәленше жұмаққа кірсе мен кірмеймін» деу.
- «Кәпір болу ұрлықшылықтан, өтірікшіліктен, сатқындықтан жақсы» немесе
деу.
- «Аллаһ бізге көктен қарап тұр» немесе «Аллаһ көкте» деу.
- Қабір мен қияметтегі азаптар туралы «Ақылға сыйымсыз, ғылымға сай емес» деу.
- «Намаз оқысам да, оқымасам да бәрібір» деу.
- «Адал нәрсе маған жақсылық әкелмейді» деу.
- Аллаһтың рахметінен үміт үзу немесе азабына сенімді болу.
- Мұсылманға кәпір деу.
- «Бұл істен илаһи сананы көреміз», «Аллаһ қандай жақсы ойластырған», «Аллаһ өте ақылды» деу.
- Аллаһу Та’аланы «Ойлап, есептеп немесе жоспарлап жаратты» деп адамға ұқсату.
Мұсылман адам осындай күпірлікке себеп болатын нәрсені жасап, діннен шықса алдыңғы ғибадаттары жоқ болып саналады. Иманның кетуіне себеп болған нәрсеге тәубе етпейінше, кәлима-и шаһадат айтумен мұсылман болмайды.