Сұхбат... Күпірлікке апаратын жағдайлар (1)
Исламның бұйрықтары мен тыйымдарының біріне мән бермеу, Құран Кәрімді, періштелерді, пайғамбарларды мазақ ету күпірлік болады. Күпірлікке себеп болатын нәрсені жасаған адам діннен шығады. Күпірлік еткен адам дереу тәубе етуі керек, иманын жаңартуы керек. Күпірлікке апаратын жағдайлар:
- Дін ілімдеріне сенбеу, оларды және дін ғалымдарын, дін кітаптарын төмендету.
- Дін ілімдері туралы «Олар неге жарайды? Кімге қандай пайдасы бар? Бізге керек нәрсе ақша» деген сияқты сөздер айту.
- «Аллаһтың бұған күші жетпейді» деу.
- «Аллаһ бізді ұмытты» деу.
- «Аллаһ әке» деу.
- Харамды халал, халалды харам деу.
- «Аллаһ бізге зұлымдық жасайды» деу.
- «Аллаһ жоғарыда, көкте» деу.
- Бір нәрсе туралы «Аллаһтың басқа ісі жоқ па, осындай істер жарататындай» деу.
- Бір адамның «Аллаһ пәлен құлына мынанша байлық береді, маған аз береді. Осы әділдік па?» деуі.
- Байдың істерінің алға басқанын көріп, «Аллаһ байларға жақ екен» деу.
- Біреуге «сені көру жан алғышты көру сияқты» деу.
- Үлкен және кіші күнә істеген адамға «тәубе ет» делінген кезде, «не істеп қойдым тәубе ететіндей» деу.
- Жаман адамдарды көрген кезде «бұлар Зәбани сияқты адамдар» деу.
- «Пәленше пайғамбар болса, мен сенбес едім» деу.
- Біреуге «Аллаһ маған жұмақты берсе, сенсіз барғым келмейді» деу.
- Діни тұрғыдан қасиетті саналатын нәрсені балағаттау.
- Құран Кәрімнің бір аятына болса да сенбеу немесе күмән келтіру.
- «Ислам бұл ғасырға сай емес» деу.