Оқиға... Қайырсыз әке-қадірсіз (1)
Жолдасым жұмыста отырса, жұпыны киінген қарт кісі келіп:
– Балам тоңып кеттім, сендердің жылы бөлмелеріңде жылынып алсам бола ма? депті.
– Әрине, кіріңіз, жылыныңыз депті жолдасым. Үстіндегі көнетоз жұқа күртеше жылу бермесі анық, киімдері жұпыны, Ішкіш адамға ұқсамайды.«Балам Райымбек ауданынан келе жатыр едім, Қаскелең жақта қызым тұрады,соған бара жатқан бетім еді, аялдамада көп тұрып тоңып қалдым» депті. Жолдасым жөн сұрасып жағдай біліскен соң жаны ашып:
– Ата мен сізді үйіме апарайын, келініңіздің қолынан шай ішіп жылынып алыңыз, сосын әрі қарай жол тартарсыз деп үйге алып келіпті. Тамақ әзірлеп қойған едім, шайымды демдеп, дастарханға шақырдым. Тамақтанып отырып ата әңгімесін бастады.«Балаларым, менің басымнан өткенді, сендердің бастарыңа бермесін. Мен жастықтың жалынымен көп қателікке бой алдырдым. Әйелім мен үш баламды тастап, бір шүйкебастың жетегінде кеттім. Беті басын әрлеп, көзін ойнақшытқан сылқым келіншекті кіндігімнен шыққан балаларымнан, қыздай қосылған қосағым, балаларымның анасынан артық көрдім. Аяғы отбасымды нәпсінің жолында құрбан еттім. Қартаймастай көріндім. Жастық шақ өтті, кешегі сылқым келіншек, бойымнан қуат, қолымнан табыс кеткен соң түртпектеп сидырмады. Ауыру қалса да әдет қалмайды екен. Менің көзіме шөп сала бастады. Отбасыма баруға батылым жетпей ауылға оралдым. Өз отбасым қалада. Балаларым ер жеткен соң, үлкен ұл, әйелімді ауылдан көшіріп алып кеткен. Әйелім де о дүниелік болып кетіпті...
(жалғасы ертең)