Денсаулық... Жүректің үш дұшпаны
1. Жоғары қан қысымы: Қан қысымы жүректің сығылуы кезінде, қан тамырларға үрлеген кезде тамырларға жасайтын қысымы болып табылады. Жүрек сығылған кезде тамырдағы қысым жоғары қан қысымы, босаған кезде тамырдағы қысым «төмен қан қысымы» болады. Жоғары қан қысымы 140 мм Нg, ал төмен қан қысымы 90мм Нg-ден көп болса қан қысымы жоғары деп саналады.
Белгілері: Таңертең оянғанда желке аймағында ауырсыну, кейде бас айналу, тез шаршау байқалады.
2. Холестерин: Әсіресе жануар етінен жасалатын азықтарда болатын және көп мөлшерде қолданылғанда тамырдың ішкі бетіне жабысатын холестерин деп аталатын май. Тамырларды қатайтады және тамырдың бос жерлерін бітейді.
3. Қант диабеті: Инсулин деп аталатын ұйқы безінен бөлінетін гормон азықтардан алынған глюкоза деген шекерді қаннан тканьдерге өткізеді. Қант диабеті кезінде инсулин бұл қызметті атқара алмайды және қанда глюкоза мөлшері артады. Қан шекері қалыпты деңгейде ұсталмаса көз, бүйрек, жүйке жүйесі және басқа да органдарда емделмейтін аурулар пайда болады.
Белгілері: Көп су ішу, жиі және көп дәретке бару, тез ашығу, көп тамақ жеу, шаршау және әлсіздік. Аш қарынға қан анализі 126 мг/дл-ға шықса, қант диабетінің белгісі болып табылады.
Жүрекке зиянды нәрселер:
• Шекер мен тұз, Дайын тағамдар, Семіздік; Көп жұмыртқа жеу;
Ішімдіктер; Стресс; Шұжық, гамбургер; Мал майы; қызыл ет;
Әрекетсіздік; лас ауа; Темекі.
Жүрекке пайдалы нәрселер:
• Сұйық майлар; Таза ауа; Балық және тауық; Кебекті нан; Тыныш
өмір; Жаттығулар; Майсыз айран және сүт; Көкөніс және жеміс.