Untitled Document

Сұхбат... Зинақорлық үлкен күнә

Зина – ақылды және балиғат жасында болған еркек пен әйелдің некесіз қатынаста болулары дегенді білдіреді. Зина харам болып табылады.

Құран кәрімде былай делінеді:

«Зинаға жоламаңдар! Ол арсыздық, лас, төмен іс, жаман жол болып табылады». (Исра 32)

«Мұсылмандарға айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан қорғасын!» (Нұр 31-32) Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аллаһтың алдында зинадан үлкен күнә жоқ». (Р. Насихин)

«Бір жерде зина және риба көбейсе, ол жердің халқы бәлеге ұшырайды». (Хаким) 

«Зинаның дүниеде үш зияны бар:

1.Әдемілікті және жүздегі нұрды кетіреді,

2.Кедейлікке жол ашады,

3.Өмірдің қысқаруына себеп болады.

Ақыреттегі үш зияны:

1.Аллаһу та’ала ашуланады,

2.Қияметте есебі қатаң болады,

3.Жаһаннам отында азап шегуге себеп болады». (Табарани)

Сұрақ: Қандай жағдайда зина болады?

Жауап: Хадис шәрифте былай делінеді:

«Көздің зинасы – харамға қарау, құлақтың зинасы – әдепсіз (ұятсыз) сөз тыңдау, тілдің зинасы – балағат (ұятсыз сөздер) айту, қолдың зинасы өзіне халал болмаған әйелді ұстау, аяқтың зинасы – күнә болған жерлерге бару». (Бұхари)