Untitled Document

Тарихи дерек... Верный Алма-атаға қалай өзгерді?

 

1854 жылы Ресейдің отарлау саясатына байланысты қазақтың Жетісу аймағында Верный бекінісі пайда болды. Ал 1855 жылдың жылдың ортасынан бастап сол бекініске орыстар Ресей жақтан көшіп келе бастады. 1913 жылдың қарсаңында Верныйда 41 мыңнан астам адам тұрды.

1918 жылы Верныйда кеңес өкіметі орнады. Ал 1921 жылы сол кезде облыстық революциялық комитеттің төрағасы қызметін атқарған Ораз Жандосов Верный қаласының атын Алма-Ата деп өзгерту туралы тарихи құжатқа қол қойды. Құжатта (қазақша аудармасы) бұдан былай Верный қаласы еңбекші халық тілінде ауданның атауына қарай Алма-Ата қаласы деп аталмақ деп жазылды.

Ораз Қиқымұлы Жандосов жергілікті жердің тумасы және өлкені жақсы білетін. Ол 1898 жылы Любовинская (қазіргі Қаскелең) ауылының маңында дүниеге келген және 1918 жылы Верненский гимназиясын бітірген.

Дерек...Әлем бойынша жауын суындағы химикаттар шектен тыс көбейіп кеткен

Швед және швейцариялық ғалымдар жауын суындағы «мәңгі химикаттар» концентрациясын өлшеп көрген екен, әрі күллі әлем бойынша қауіпсіз деңгейен көп асып кеткенін  анықтады. «Мәңгі химикаттар» (PFAS) — қолмен, яғни, жасанды жолмен синтезделетін 4,7 мың заттар тобы. Олардың ең кеңінен тараған әрі көп қолданылатыны – тефлон. Оны киімді, тағам қаптамасын бояуда, сондай-ақ, опа-далап жасауда, өндіріске арналған, су өткізбейтін, лай жұқтырмайтын жабындыларды жасауда пайдаланады. PFAS адам организіміне тап болса, қатерлі ісік, бауыр, қалқанша безінің аурулары қатерін арттырып, гормон қызметіне кедергі келтіреді, бұдан бөлек, жаңа туған шараналарда ауытққу тудырады. Ғалымдардың келтірген дерегіне қарағанда, тек арық және жауын сулары ғана емес, сонымен қатар, топырақ құрамында мәңгі химикаттар концентрациясы жоғары. Енді қауіпсіз деңгейге қол жеткізу мүмкін емес деп есептейді мамандар.