Untitled Document

Сұхбат... Ұятсыздан бәрін күтуге болады

Жер бетіндегі көптеген төмендіктер, азғындықтар, қырғын-сүргін, қан төгулер қысқасы бүкіл жамандықтар ұятсыздықтан туындауда. Адамдардың көпшілігі арсыздықтың, ұятсыздықтың жамандығын біле тұра өзін бұл жаман жолдан бас тарта алмауда. Нәпістің бұл қуатты сезімдеріне қарсы адамдарды бұл азғындықтан алыстататын шаралар бар әрине. Бұл тәрбие, мінез-құлық мәселесі. Аллаһтан қорқатын адам ұятсыз бола алмайды. Олай болса бала-шағамызға Аллаһтан қорқуды, дінімізді үйрету басты міндетіміз болуы тиіс. Ұятсыздық, арсыздық қауіпі шырқау шегіне жеткен замандамыз. Ұятты сақтау үшін жастарды уақытында үйлендіру керек, бұл үстем қасиетімізді шайқалтатын жерлер ұзақ болу керек. Расулуллаһ алейһиссалам: «Қызды теңін тапқанда дереу үйлендіріңдер!» деген (Тирмизи). Көріп отырғанымыздай қызды теңіне беру керек. Теңі дегеніміз еркектің тегінде, мал-мүлкінде, дін амалдарында және қасиетінде қызға лайықты болуы деген сөз.

Барлық уақытта, барлық жерде әдепті, ұятты болуға тырысу керек! Хадис шәрифте: «Ұятсыздық адамды күпірге түсіреді» – делінген. Ұят ғимаратты ұстап тұратын тірек тәрізді. Тірексіз ғимараттың тұруы қиын болғанындай, ұятсыз адамның иманын қорғауы да қиын болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді: 

«Аллаһу та’аладан ұялыңдар! Аллаһтан ұялған адам, жаман ойдан алыс тұрады, асқазанына түскендерді қадағалайды, өлімді еске алады». (Тирмизи)

«Ұятсыз адам үнемі жамандық жасайды». (Ибн Мажә)

Хусейн бин Саид хазрет былай деген: «Адам алейһиссаламнан Мұхаммед алейһиссаламға дейінгі бүкіл пайғамбарлар үмбетіне былай насихат айтқан: Егер ұялмайтын болсаң, бәрін жасайсың!».