Untitled Document

Күннің тарихы... Хазреті Омар-әл Фаруқ

Ардақты сахабалардың ең ұлыларынан және Ашара-и Мубашшарадан (жәннатпен сүйіншіленген он сахабаның бірі). Расулуллаһтың екінші халифасы. Хазреті Әбу Бәкірден кейінгі сахабалардың ең үстемі. Құрайштың алдыңғы қатарлы адамдарынан еді. Өте әдемі сөйлейтін. 

Бүкіл соғыстарға қатысып, арыстандай айбатымен, батырлығымен танылды. Ухуд соғысында Расулуллаһтың жанынан айрылмады. Әрдайым дұрыс сөйлейтіндіктен «Фаруқ» деп аталды. Хазреті Әбу Бакір қайтыс боларында сахаба-и кирамның алдыңғы қатардағыларын шақырып, көріскеннен кейін хазреті Омарды халифа етіп тағайындады. Бұдан кейін «Әмирул мүминин» атанды.

Қысқа ғана уақыттың ішінде өте үлкен жерлерді жаулап алғаны соншалық, тарихшыларды таң қалдырды. Құдысқа барғанында Румдарды әділетімен таң қалдырады. Кадсия соғысында жеңіске жетіп, әскері Азак теңізіне дейін ілгерілеп, Тунусқа дейінгі жерлерді жаулап алды.

Пайғамбарымыз ол туралы хадис шәрифтерде былай деген:

«Аллаһу та’ала ақиқатты Омардың тілі мен жүрегіне орналастырған». (Әбу Дауд)

«Шайтан Омардың көлеңкесінен қашады». (Бұхари)

«Менен кейін пайғамбар келетін болғанда, Омар бин Хаттаб пайғамбар болар еді». (Тирмизи)

Оның дәуірінде 4000 нан астам мешіт салынды. Хазреті Муауияны Шамның әкімі етіп тағайындады. Жыл сайын қажылыққа барды. 10 жыл, 5 ай және 7 күн дүниеде бұрын соңды болмаған әділеттілікпен халифалық етті. Бүкіл әлемде хазреті Омардың әділеті деп мысал келтірілетін болды. Хижри 23-жылдың зүлхиджа айының бір таң намазында, Муғира бин Шуба хазреттің құлы Әбу Лулу Фируз тарапынан пышақталып, 644 жылы 3 қарашада 63 жасында қайтыс болды. Пайғамбарымыз жерленген Хужра-и Саадәтта, хазреті Әбу Бәкірдің жанына жерленді.