Untitled Document

Қызықты деректер... Эйфель мұнарасы жайлы деректер

 Эйфель мұнарасы біркелкі көрінгенмен үш түрлі реңкке боялған: астыңғы жағы қанық түстен бастылып, ең жоғарғы бөлігі ашық түсті. Мұнараны тот басып кетпес үшін әр 7 жыл сайын сырлап тұрады екен. Әр бояғанына 50-60 тонна бояу кететін көрінеді.

* Атауы мұнараны жасаушы — Гюстав Эйфелдің құрметіне қойылған. Мұнара биіктігі 81 қабатты үймен бірдей.

* Мұнара бой көтерген соң әлемдегі ең биік құрылыс боп саналған. Ал қазір биіктігі бойынша әлемде 5-орында тұр.

* Мұнараның екінші қабатында атақты бас аспазшы Ален Дюкасс ашқан тағамды талғап жейтіндерге арналған ресторан бар. Жазушы Ги де Мопассан Эйфель мұнарасын өте жек көрсе де, сол рестораннан тамақтануға күнде келеді екен. Жазушы оны: «Менің мұнда күнде келіп тамақтануымның себебі бар, осы жер — Париж бойынша Эйфель мұнарасы көрінбейтін жалғыз жер» деп түсіндіретін көрінеді.

* Ең алғаш пальто-парашют ойлап тапқанда оны жасаушылардың бірі өз туындысын өзі сынап көрмекші болады да, осы мұнараның үшінші алаңқайынан секіреді. Сынақ сәтсіз аяқталып, адам мерт болады.

* Г.Эйфель мұнараға өз қолымен қырнап, 70 шақты атақты адамдардың атын жазыпты.

* Ұлы Отан соғысында Парижді жаулап алу кезінде немістер биігіне шығып, әдемі пейзажды тамашалай алмасын деген ниетпен француздар мұнара лифтін алып тастаған екен. Алайда, Гитлер ең биігіне жаяу шығуға ерінбепті.

* Құрылыс жұмыстары 2 жыл, 2 ай және бес күн жүргізілді. 1887 жылы 28 қаңтарда басталып, 1889 жылы 3 наурызда аяқталған құрылысқа 300 адам жұмылдырылды.