Untitled Document

Сұхбат... Қарызын өтей алмағанды қинама!

Баршаға жақсылық жасау, қарыз немесе садақа беру үлкен сауап. Бірақ, өтеуге тырысып, қарызын өтей алмай жүрген кедейлерді қинамау керек. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Қиямет күнінің қиыншылықтарынан құтылуды қалаған адам күнкөрісі төмен, қиналып жүрген кісіге қарыз мерзімін созсын немесе кешірсін!». (Мүслим)

Қарызын шынымен де бере алмай жүргендерге уақыт беру үлкен сауап. Хадис шәрифте былай делінген:

«Қиыншылықтан құтылуды, қалағанына қолжеткізуді және Арштың көлеңкесінде паналауды қалаған адам күнкөрісі төмен адамның қарызының мерзімін созсын немесе ол қарызды кешіріп жіберсін!». (Абдурраззақ)

«Қияметте күнәсі көп бір мұсылман есепке тартылады. Ол адам: «Менің ешқандай жақсылығым жоқ. Тек қызметшіме «Кедей болған қарыздарларды қинама, мүмкіндіктері болған кезде берсін деп айт, тағы бір нәрсе сұрап келсе, сұрағанын бер, қолын бос қайтарма!» деп айтатынмын» дейді. Аллаһу та'ала ол адамды кешіріп, былай дейді: Ей, құлым, бүгін сен кедейсің, мұқтажсың. Сен дүниеде менің құлдарыма жанашыр болғаныңдай, бүгін біз де саған жанашыр боламыз». (Бұхари)

Намаздан кейін себебін сұрадым. Былай түсіндірді:

- Менің бір кісіге қарызым бар. Осы себептен, ұялғанымнан осылай істеймін.

- Кімге қарызсың.

- Мына артымда тұрған кісіге.

Сөйтсе, алашақты кісі Далеж бин Ахмед хазрет екен. Бұл сөздерді Далеждің сол саптағы досы естіп, барып жағдайды айтып берді. Далеж бин Ахмед ол кісіні үйіне шақырды. Үйіне келгенде дастархан жайып, сый-сияпат көрсетіп, әлгі кісіге:

- Сенің қарызың ұмытылды, - деп қарызды кешіп жіберді. Одан бөлек тағы бес мың дирхам сыйлық беріп:

- Мешітте мені байқап, қарыз болғаныңнан қиналып, абыржығаның үшін кешір, - деген екен».