Untitled Document

Денсаулық... Тіс күтімі (2)

Алма

Алманы күнделікті жеп тұру тіс сүйектерінің қатаюына көмектеседі. Ауыз қуысының жағымсыз иісімен күреседі.

Киви

Киви құрамында С витамині көп. Ал ағзада С витамині жетіспесе, коллаген аз бөлініп, жиек қанай бастайды.

Пияз

Табиғи антибиотик деп те атайды. Ол ауыз қуысындағы бактерияларды өлтіреді.

Цикорий

Оның қызметі – ауыз қуысындағы қан айналымын реттеу.

Күнжіт

Күнжіт тұқымында кальций көп кездеседі. Ол эмальді қатайтып, өңездердің алдын алады.

Ірімшік

Ірімшіктің құрамында тұз аз болып, сәйкесінше кальций мен фосфаттар көп кездеседі. Ірімшік ауыз қуысындағы рН-балансты реттеп, бактериялардың өршіп кетпеуіне жағдай жасайды.

Көк шай

Көк шайдың құрамындағы катехин кариесті тудыратын бактерияларды өлтіреді. Көк шай ішкеннен кейін адамның ауызында жағымсыз иіс байқалмайды.