Untitled Document

Сұхбат... Расулуллаһ болашақтан хабар берді (2)

Пайғамбарымыздың мұғжиза ретінде болашақ туралы айтқандары:

 «Адам діні мен дүниесін тек ақшамен ұстай алады. Алтыны, күмісі жоқ адам өзін еркін сезіне алмайды».

«Қажылыққа билеушілер қыдыру үшін, байлар сауда үшін, кедейлер тілену үшін, дін қызметкерлері өздерін көрсету үшін барады».

«Анархия мен өлім көбейеді».

«Музыкалық аспап жан-жаққа тарайды, қауіпсіздік күштері көбейеді».

«Әр ғасыр алдындағы ғасырдан жаман болады, осылайша қияметке дейін бұзыла береді».

«Адамның барлық қайғысы қарны болады, атағы мал, құбыласы әйел, діні ақша болады».

«Адамдар тазалықта ұқыпты болады, дінде шектен шығады».

«Әр түрлі аттармен шараптар шығады, адал деп саналады».

«Дінге бағыну қолмен от ұстағандай қиын іс болады».

«Ит асырау бала өсіруден де артық іс болып саналады».

«Жаман әйелдер көбейіп, зинақорлық тараса, халық бұрын естімеген жұқпалы ауруларға шалдығады. Өлшеуде, тартуда айла жасалса күн көріс қиындайды».

«Істер маманына берілмейді».

«Байға малы үшін тағзым етіледі, жезөкшелік таралады, некесіз балалар көбейеді. Үлкенге құрмет, кішіге рақым жасалмайды. Қасқырлар қозының терісін жамылады».

«Гомосексуализм мүбах саналмайынша қиямет болмайды».

«Зілзала, бүлік, адам өлтіру артпайынша қиямет болмайды».

«Жамандар дүниеге үстем болмайынша қиямет болмайды».

«Адам жолдың шетінде әйелмен қатынаста болады».