Untitled Document

Сұхбат... Расулуллаһ болашақтан хабар берді (1)

Пайғамбарлар таза, пәк адам болғандықтан илаһи әдеттен тыс илаһи құдірет арқылы кейбір жағдайлар туындайды. Бұл «мұғжиза» деп аталады. Пайғамбарымыздың мұғжиза ретінде болашақ туралы айтқандары:

«Бір уақыт келеді, адамдар тек ақшаны ойлап, харам-халал туралы ойламайды».

«Пара «сыйлық» деген атаумен беріледі, халықтың көзін қорқыту үшін күнәсіз адамдар өлтіріледі».

«Пайғамбармын деген өтірікшілер шығады, менен кейін пайғамбар келмейді».

«Менің бір хадисім айтылғанда «пайғамбар олай айтпайды, хадисті таста, Құранға қара» деп, мені өтірікке шығаратындар шығады».

«Құраннан басқа дәлелді (сүннет, ижма, қияс) қабылдамаймын дейтіндер шығады».

«Кәпірлер үшін келген аяттарды мұсылмандарды жамандау үшін дәлел ретінде қолданады».

«Сүннет бидғат сияқты жаман деп саналып, бидғат сүннет деп саналады. Сүннетке бағынған адам жалғыз қалады. Бидғатқа бағынған адам көп көмекші табады».

«Мешіттерде мыңнан астам адам намаз оқиды, іштерінде бірде-бір мүмін болмайды».

«Кейін келгендер бұрынғы ғалымдарды надандықпен айыптайды».

«Дін ғалымы қалмайды, дін адамының орнына әкелінген надандар білместен фәтуә береді, халалды харам, харамды халал дейді, дінді сауданың, жеке бас пайдасының құралы етеді».

(жалғасы ертең)