Untitled Document

Сұхбат... Отыз нәрсе

Баязид Бистами хазрет былай дейді:

Он нәрсе адамға парыз:

1) Парыздарды нұқсансыз орындау.

2) Харам нәрселерден ұзақ тұру.

3) Аллаһ үшін қарапайым, кішіпейіл болу.

4) Мұсылман бауырларын жәбірлеуден сақтану.

5) Жақсыға да, жаманға да ізгілік тілеу.

6) Аллаһу та’аланың кешірімін тілеу.

7) Әрбір ісінде Аллаһ разылығын көздеу.

8) Өлімге әрқашан дайындалу.

9) Нәпісін тәрбиелеуге тырысу.

10) Ашу, тәкаппарлық, зұлымдық және әділетсіздіктен бастарту.

Он нәрсе адамды төмендетеді:

1) Ашу-ыза.

2) Кек сақтау және жек көрушілік.

3) Тәкаппарлану, өзін жоғары көру.

4) Зұлымдық пен әділетсіздік.

5) Қырсықтық, біреуге қырсығып арпалысу.

6) Сараңдық.

7) Басқаларды жәбірлеу.

8) Мүминге құрметсіздік жасау.

9) Жаман мінез-құлық.

10) Ынсап пен адамгершілік өлшемінің сыртына шығу.

Он нәрсе адамгершілікті өлтіреді

1) Тәрбиенің аздығы.

2) Надандықтың көптігі, сауатсыздық.

3) Халықтан нығмет күту.

4) Шәхуаттың асып-тасуы, нәпістің құтырғандығы.

5) Басшы болу, бастық болу құштарлығы.

6) Дүниеге берілу.

7) Нәпсіне берілу.

8) Көп тамақ жеу.

9) Көп ұйықтау.

10) Көпшіліктің артынан еру.