Untitled Document

Сұхбат... Тәубе еткен адам күнә істемегендей болады

«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» демекші, кезкелген адам күнә істеп қоюы мүмкін. Бірақ істеген күнә, қателік қаншалықты үлкен болса да, шынайы түрде тәубе етсе, өкінсе, Аллаһу та'ала оны кешіреді. Өйткені Аллаһу та'ала кешіруді жақсы көреді.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аллаһу та'ала өте кешірімді, Ол кешіруді жақсы көреді». (Хаким)

Аллаһу та'ала хадис құдсида айтады:

«Ей, адам баласы, күнәларыңа тәубе етіп, өз-өздеріңді сыйға бөлеңдер! Салих амал жасау арқылы жиһад етіңдер! Қиямет күні басталмай тұрып, қияметтің қорқынышын ойлап, соған қарай дайындалыңдар! Еститін бола тұра кереңдерден болмаңдар! Көңілдеріңе келетін мұң-қайғы, мал-мүлік пен ризықтың аздығы бос, пайдасыз сөздерден және уақытты жақсы пайдаланбаудың кесірінен туындайды. Біреудің кемшілігін көрген кезде өз кемшілігін ойламаған адам шайтанды қуантады, Рахманды ашуландырады. Жасырын-ашық барлық амалдарың сұраққа тартылады. Ораза ұстағандарға сансыз ниғметтер сыйлаймын. Тәубе еткендерді азабымнан сақ қыламын. Барлық ниғметті мен беремін. Сондықтан тек маған ғана шүкір етіңдер! Барлық нәрсені мен беремін. Барлық нәрсені менен сұраңдар! Қамқорлығымнан үміт үзгендер құриды».

«Ей, Дауд, менің есігімді қаққан адамға, есік ашпаған кезім болды ма? Менен бір нәрсе сұраған адамға бермеген кезім болды ма? Маған дұға етушінің дұғасын қабыл етпеген кезім болды ма? Мені еске алған адамды мен еске алмаған кезім болды ма? Ей, Дауд, күнәһарларға сүйінші айт, ал салихтарды қорқыт!».

Дауд алейһиссалам мұны қалай істейтінін сұрағанда Аллаһу та'ала былай деді:

«Күнәһарларды тәубемен, менен үмітін үзбеумен сүйіншіле! Менен үмітін үзбей тәубе ететін болса, олардың күнәларын кешіремін. Салихтарды ғибадаттарымен қорқыт, ғибадаттарына алданбасын!».