Untitled Document

Денсаулық... Күзде бала денсаулығы

Денсаулықты күту – өмірлік қажеттілік. Күн суытқан кезде денсаулықты күтуге дағдылану айрықша өзекті мәселе болып табылады.

«Иммунитет – ағзаның қорғаныс жүйесі. Балалар ересектерге қарағанда 4-5 есе жиі ауырады және бұл организмнің ерекшеліктеріне байланысты. Күзгі-қысқы кезеңде иммунитетті күшейту үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет.
Дұрыс тамақтануға да ерекше назар аудару керек. «Бұл бірінші кезекте баланы бір жасқа дейін емізу. Ересек балалар газдалған сусын, фаст-фуд, консерванттар, кәмпиттер, қант жемегені дұрыс. Оларды бал, кептірілген жеміс сияқты табиғи өнімдермен ауыстыруға болады. Күз –жаңа піскен көкөністер мен жемістер кезеңі, ал газдалған сусындарды компот, жеміс-жидек сусыны, жаңа сығылған шырын, смузи және т.б. алмастыруға болады. Тамақ әр түрлі және теңдестірілген болуы, яғни әр түрлі ет, сүт өнімдері, жарма болуы керек». Сонымен қатар баланы шынықтыруға назар аударған жөн. Мұны 3-4 жастан бастауға болады. «Ең бастысы, баланың келісімі қажет, сіз оны оның еркінен тыс жасай алмайсыз. Шынықтыру әдетте жалаң аяқ жүру, суық сүлгімен сүрту, шомылғанда су температурасын біртіндеп төмендетуден басталады. Баланың бөлмесіндегі ауа температурасы орта есеппен 20 градус, ылғалдылығы шамамен 40-50% болуы керек. Бөлме үнемі желдетіліп, күн сәулесі жеткілікті түсуі қажет».

Анемия, рахит сияқты негізгі аурулардың алдын алу және емдеу үшін C, D, E, омега-3 дәрумендерін және құрамында темір бар препараттарды қолдану қажет. Сонымен қатар сарапшы атап өткендей, қолданар алдында дозаны анықтау үшін дәрігермен кеңесу қажет.

Ата-аналар иммундық жүйені тез және біржола көтеретін таблетка немесе дәрілік зат жоқ екенін есте ұстауы керек. «Иммундық жүйені нығайту – қарапайым, тұрақты профилактикалық шаралар да қажет».

qazradio.fm