Әдеп-ахлақ... Кейбір жаман әдеттер
● Ысқыру.
● Өзін мақтау.
● Қатты айқайлау.
● Аяқты созып отыру.
● Қатты, дауысын шығарып күлу.
● Кір, лас киімдер кию.
● Үлкендердің алдына түсіп жүру.
● Берген уәдесінде тұрмау.
● Өтірік айту.
● Жерге түкіру.
● Өсек айту.
● Көп ант ету.
● Алған қарызын уақытылы қайтармау.
● Біреудің сырларын айту.
● Жасырын түрде біреудің сөзін тыңдау.
● Адамды кемшілігін айтып мазақтау.
● Қырсығып сөз таластыру.
● Жабық жерлерде дауысын көтеріп сөйлеу.
● Сөйлеп жатқан адамның сөзін бөлу.
● Әдепсіз, жаргон сөздермен сөйлеу.
● Жасаған жаман істерін мақтанып айту.
● Айтып жатқан адамның сөзін соңына дейін тыңдамау.
● Біреудің жанында жасырын түрде сөйлесу, сыбырласу.
● Түрегеп тұрып және жүріп келе жатып бірдеңе жеу.
● Сағыз шайнап тұру, сағыз үрлеу.
● Біреумен сөйлесу кезінде телефонмен ұзақ сөйлесу.
● Қоғамдық жерде аузын айқара ашып есінеу.
● Мұрын шұқылау, тіс шұқылау.
● Тырнақ тістеп жеу.
● Тамақ жегенде ауыз шалпылдату.
● Тамақ жеген кезде тамақтың жақсы жерлерін таңдап жеу.