Untitled Document

Кәсіпкерлік... Жапондық кәсіпкердің жетістік тарихы (3)

Panasonic фирмасының негізін қалаушы кез келген өнеркәсіптің құны оның адами факторына тең екенін ұғады. Адами фактор лайықты түрде жұмылдырылмаған және бағытталмаған жағдайда кез келген ұйым құлдырайды.

Коносуке Мацусита компаниясының қызметкерлеріне арнайы тәрбиелік жүйе жасап шығарады. Бұл жүйенің мазмұны фирманың өркендеуі мен әр қызметкердің өркендеуі - жалпы ұлттың өркендеуіне әкеледі дегенге саяды. Бұл идея фирмалық гимнге айналып, жұмыс күнін бастамас бұрын фирманың жүздеген қызметкері әндетіп орындайтын болған.

1929 жылы Нью-Йоркте биржа құлдырайды. Нәтижесінде басталған үлкен дағдарыс көп ұзамай Жапонияға да жетеді. Қызметкерлерді жаппай қысқарту орын алады. Сонда Коносуке Мацусита күтпеген шешім қабылдайды: “Біз ешкімді қысқартпаймыз! Ешкімнің ақшасын ұстап қалмаймыз! Енді әрқайсымыз – бір бүтін екенімізді түсінуіміз керек және бизнес – бұл адам өмірінен маңыздысы емес! Өнімдеріміз нарықта табысқа жетуі үшін әрқайсымыз бар күшімізді салуымыз керек”. Ол – жұмыстан шыққан қызметкерлердің есебінен емес, қысқартылған жұмыс күндерінің есебінен өндірісті қысқартамыз. Олар жұмысы үшін бұрынғыдай жалақы алатын болады. Алайда барлық мерекелік күндер алынады. Қоймада жатқан артық тауарларды сатуды қызметкерлердің өзіне тапсырамыз”.

Жұмысшылар мен қызметкерлер асыр салады. Олар Мацуситаны қатты құрметтейді. Енді әрқайсысы күніне бірнеше сағатын өз фирмасының өнімдерін сатуға арнайды. Өндіріс екі есеге қысқарғандықтан, көп ұзамай қоймадағы бар тауар сатылады. Бәсекелестері жаппай қысқарту жүргізіп, саудалары жүрмей жатқанда Matsushita Electric барлық қызметкерлерін сақтап қалып, тіпті өз өнімдерін диверсификациялауға көшеді. Енді олар радиотауарларын шығаруға кіріседі.