Untitled Document

Кәсіпкерлік... Жапондық кәсіпкердің жетістік тарихы (2)

Көптеген әлсіз сатушылар мен кәсіпкерлер нарықта тауарларының суық қабылданғанына қатты қынжылады. Нағыз кәсіпкер ешқашан «жоқты» жеңіліс деп қарастырмайды. Ол үшін әрбір «жоқ», сатуда бұл әдістің жұмыс істемейтінін және басқа әдіс іздеу керектігін білдіреді.

Дәл осылай жас кәсіпкер Коносуке Мацусита жаңа өнім жасаған соң маркетингтің дәстүрлі әдістерінен бас тартты, себебі оның жағдайында мұның бәрі жұмыс істемеді. Ол маркетингке шығармашылық жағынан қарап, өз өнімдерін сатудың инновациялық, жаңа және табысты үлгісін жасап шығарды.

1922 жылы меңгерігінде фонаригі бар велосипедтер сатыла бастады. Ацетиленді фонарлар қымбат болатын және әрдайым үстіне құйып отыруды қажет етті. Электробатареялар бар-жоғы 2-3 сағатқа шыдайтын. Мацусита бұдан өз бизнесіне көмектесетін жаңа мүмкіндік көреді, осылайша 3-4 ай тәжірибеден кейін қуаты 30-50 сағатқа дейін жететін жаңа бөлшекті жасап шығарады. Ол жаңа өнім жақсы өтетініне сенімді болған. Алайда велосипед, электр құрылғылар сататын саудагерлер оның инновациялық батареясын қуана қабылдамайды. Олар мұны сатылмайды деп ойлайды. Ең алдымен ол сату бөліміне үш маманды жұмысқа алады. Олар Осакадағы велосипед сататын барлық дүкендерді аралап шығады және оларға тауарларын да өткізеді. Мацусита сатушыларға ыңғайлы шартпен тауар өткізеді: батареяларды алдын-ала төлемсіз сатады. Мұндай жүйе ол кездері жаңа еді. Сатушылар ештеңеден ұтылмайтын болғандықтан бұған келіседі. Дүкендеріне жанып тұрған лампа қойылады, жанында өнімнің бірнеше түрі көрсетіледі. Көп ұзамай дүкен иелері бұл өнімнің жақсы өтіп жатқанын байқайды.

(жалғасы ертең)