Untitled Document

Сұхбат... Кәлимаи тәуһидтің құндылығы

“Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммәдун расулуллаһ” сөзінің қысқаша мағынасы: “Аллаһтан басқа жаратушы жоқ, Мұхаммед алейһиссалам Оның Расулы” дегенді білдіреді. Бұл кәлимаға “кәлима-и тәуһид” делінеді. Мұсылмандардың әр мезетте айтып жүретін кәлимаи тәуһидтің құндылығы өте зор. Хадис-шәрифтерде былай делінген:

«“Лә илаһә иллаллаһ” деген адам бәле мен қиындықтардан құтылады». (Бәззар)

«“Лә илаһә иллаллаһ” деп көп айтып имандарыңды жаңалаңдар!». (Табарани)

«Зікірдің (Аллаһты еске алудың) ең құндысы – “лә илаһә иллаллаһ” деу». (Нәсаи)

«“Лә илаһә иллаллаһ деп айту 99 бәленің алдын алады. Олардың ең төмені – қиыншылық». (Дәйләми)

«“Лә илаһә иллаллаһ” деген адамның күнәлары жойылып, орнына соншалықты мөлшерде сауап жазылады». (Әбу Йала)

«“Лә илаһә иллаллаһ” – жәннаттың кілті». (И. Ахмед)

«Өлім халіндегілерге “лә илаһә иллаллаһ” деп айтуын талқын етіңдер, оларды жәннатпен сүйіншілеңдер. Шайтанның адамға ең жақын сәті осы уақыт». (Әбу Нуайм)

«Ауыр халдегі науқасты “лә илаһә иллаллаһ” деп айтқызу үшін қинамаңдар, тек есіне салып тұрыңдар». (Дара Кутни)

«Соңғы сөзі “лә илаһә иллаллаһ” болған адамның рухы оңай шығады және ол сөзі қияметте өзіне нұр болады». (Хаким)

«“Лә илаһә иллаллаһ”деп жүрген адамды істеген күнәларына байланысты кәпір демеңдер! Оған кәпір деген адамның өзі кәпір болады». (Бұхари)

«Күнде 100 рет “лә илаһә иллаллаһ” деген адамның жүзі қиямет күні толған айдай жарқырайды». (Табарани)

(Жүзіншісінде “Мухаммәдун расуллуллаһ” деп қосып айтқан жақсы болады. Тәжуидпен оқылғанда “Мухаммәдур-расулуллаһ” делінеді).

«Харамнан сақтанып, ықыласпен “лә илаһә иллаллаһ” деген адам жәннатқа кіреді». (Хатиб, Табарани)