Untitled Document

Ғұламалар... Әли Самарқанди

Әли Самарқанди хазрет Осман мемлекетінің құрылу кезеңінде Анкарада өмір сүрген әулиелердің бірі. 1320 жылы (х.707) Исфаханда дүниеге келіп, 1457 жылы (х.862) Анкараның Чамлыдере ауылында қайтыс болған. Хазреті Омардың тегінен келеді.

Жастайынан Құран кәрімді жаттап, заманының ғалымдарынан ақли және нақли ілімдерді жетік меңгерді. Мекке мукаррамада жылдар бойы имамдық жасады. Рухани ишарамен Мәдина мунаууараға келіп, пайғамбарымыздың қабіріне жеті жыл бойы шырақшы қызметін атқарды. Пайғамбарымыздың рухани ишарасымен Анадолы өңіріне қоныстанып, өмірінің соңына дейін сондағы адамдарды ғылым нәрімен азықтап, көптеген шәкірт жетілдірді. Кереметтері көптеп көрінді.

Әли Самарқанди хазреттің даналық сөздері:

● Адам баласының үш досы бар: Біріншісі, мал-мүлкі, өлгенге дейін өзіне дос болады. Екіншісі, отбасы мен жақындары, мазарға дейін дос болады. Үшіншісі, амалдары, махшарға дейін өзінен ажырамайды.  

● Көңілге ауыртпалық келтіретін екі қасиет бар – көп сөйлеу және көп тамақ жеу.

● Жаман адамдармен достық құрған адам жақсы адамдар туралы жаман ойлай бастайды.

● Сараңның жүзіне қарау адамның көңілін қарайтады.

● Тәкаппарлық – көптеген жақсылықтарға тосқауыл. 

● Мына үш күнә иманға қауіп төндіреді: Біріншісі, иман ниғметіне шүкір етпеу. Екіншісі, иманның кетуінен қорықпау. Үшіншісі, мүминдерді ренжіту, көңілін қалдыру.