Untitled Document

Ақпарат... Ақшаны қалай жұмсау керек (2)

7. Өзіңіздің табысыңызды есептеп жүріңіз!

Жыл бойы тапқан табысыңыздан барлық шығындарыңызды есептеп шығарыңыз. Кейін жұмысқа қанша уақыт жұмсайтыныңызды сағатпен есептеңіз. Сосын барлық жұмыс уақытыңызды жылдық табысыңызға бөліп, сағатына қанша табатыныңызды есептеп шығыңыз

8. Алдыңызға мол мақсат қойыңыз да, жадыңыздан шығармаңыз.

Мақсатқа жету үшін көп қаржы керек. Қаржыны бет алды жұмсау сіздің мақсатқа жету үшін кедергі болуы мүмкін. Сондықтан, мақсатыңызды жадыңыздан шығармай, үнемі есте ұстаңыз.

9. Көлігіңізге «тұлға» ретінде қараңыз.

Үнемдеу туралы айтқанда, айыппұлдар мен жанар-жағар майды ұмытпаңыз. Жолда жүру ережелерін мұқият сақтасаңыз, айыппұлдан алыс жүресіз. Ал жылдамдығыңызды арттырған сайын жанар-жағар майға жұмсалатын ақша да көп кетеді. Сондықтан, көлік жүргізуде аса сақтықпен жүріңіз.

10. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына да мұқият болыңыз.

Жылу, су, жарық сынды коммуналдық ақылардың есебін алдын-ала есептеп отырңыз. Және оларды қолдануда да сақтықпен қараңыз. Тоқ көзімен жұмыс істейтін құрылғыларды «жандырып» алмаңыз. Әйтпесе, жаңа құрылғы үшін де қаржыңыз желге ұшады.

11. Үй жөндеуде сауатты болыңыз!

Үй жөндеу үшін кейбіріміз арнайы мамандар шақырамыз. Ал бұл- аса қиын шаруа емес. Сол себепті, бұндай тірліктерге икемді болыңыз. Бүгінгі таңда өз бетімен үйрену үшін бар жағдай жасалған. Қолыңыз қалт еткенде, ғаламтор желісінен жөндеу жұмыстары жөнінде арнайы видеоларды көрсеңіз, өз бетіңізбен үйреніп алатыныңызға күмәніңіз болмасын.

12. Балаларыңызды қаржы сауаттылығын өз қағидаңызбен үйретіңіз.

Өз балаларыңыз сіз секілді қаржы сауаттылығымен өссе, жанұяңыздың болашақтағы қаржы мәселесі өздігімен реттеліп отырады. Осы аталған қағидаларды балаңыздың санасына сіңіріп отырғаныңыз абзал.