Untitled Document

Ақпарат... Ақшаны қалай жұмсау керек (1)

1. Жұмсағаныңыз тапқаныңыздан аз болсын.

Қаржының қорын жинағыңыз келсе, тапқан табысыңыздан жұмсаған шығыныңыз аз болсын. Бұл қағиданы ұстансаңыз, алдағы уақытта кедергілерге тап болмайсыз.

2. Қаржы мәселесін күрделендірмеңіз!

Несиеңіз артқан сайын, шығыныңыздың да көп болатынын естен шығармаңыз. Жиналған қорыңызды сақтау да қиын. Ол үшін қаржы саласында ешқандай қателікке ұрынбаңыз.

3. «Болашақ меніңізге» бүгінгі күніңізді басқартпаңыз.

Бүгін сатып алуға шамаңыз келмеген затты «болашақта алармын» деп, болашақтың еншісіне қалдырмаңыз. Оған себеп мынау: болашақтағы табысыңыз бүгінгі күніңізге жауап бере алмайды. Кім біледі? Келешектегі қаржыңыз басқа да шығындарға жұмсалуы мүмкін ғой.  

4. Қаржыны дұрыс басқарыңыз.

Үлкен пайызбен берілетін қарыздарыңыздан дереу құтылыңыз. Жаймен қаржыңызды белгілі бір қорға жинаңыз. Оған қоса, қаржыңызды өсіріп отыруды да ұмытпаңыз

5. Бюджет!

Бюджет — қаржыны басқарудың ең тіимді жолы. Бірақ, табыс көзіне сенімді болыңыз.

Ақылды адамдар бюджетті қалай құрады? Олар бюджетті өткен айдың шығыны негізінде құрады. Өткен шығынның есебін есептей отырып, келер шығынды да қысқарта бастайды. Артылатын ақшаны «мына жаққа» сақтау – осыдан басталады.

6. Жоспардағы шығындарыңыз өзіңізге тиімді болсын!

«Ақша – су», «ақша көзге көрінбейді» деп жатамыз. Демек, ақшаны сізге керек қана заттарға жұмсаңыз.

 (жалғасы ертең)