Untitled Document

Күннің тарихы... Мәуліт түні

Әлемдегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) 571 жылы сәуірдің 20-на сай келген Рабиул-әууәл айының 12-сі, дүйсенбі күні түнде, таңға жақын Меккеде дүниеге келді. Әр үмбетке өз пайғамбарының туылған күні мереке болып есептеледі. Бұл күн де мұсылмандардың мерекесі. Қуаныш пен шаттық күні. Әлемдегі мұсылмандар тарапынан жыл сайын бұл түн «Мәуліт түні» ретінде тойланады, барлық жерде мәуліт қасидасы, өлеңдері оқылып, Расулуллаһ еске алынады. Мәуліт – туылған сәт дегенді білдіреді.

Пайғамбарымыз мәуліт түнінде сахабаларға тағам ұсынып, бала кезінде болған оқиғаларды айтатын. Хазіреті Әбу Бәкір халифа болып тұрған кезде сахабаларды жинап, Расулуллаһ туылған кездегі ғажайып оқиғалар туралы баяндайтын

Мәуліттің дұшпаны кім?

Сұрақ: Мәуліт деген не? Кейбір адамдар мәуліт оқуға бидғат деп жатады, осы дұрыс па?

Жауап: Мәуліт – туылған сәт дегенді білдіреді. Мәуліт түні – Рабиул-әууәл айының 11-і мен 12-сі арасындағы түн. Пайғамбарымыздың туған күні бүкіл мұсылмандардың мейрамы.

Расулуллаһ алейһиссалам дүниеге келгенде әкесінің ағасы Әбу Ләхабтың күңі Суәйбә «Бауырың Абдуллаһ ұлды болды!» деп сүйіншілегенінде қуанып «Оған сүт беру шартымен сені азат еттім» деген еді. Осыған орай әр мәуліт түнінде Исламның ең үлкен дұшпаны болған Әбу Ләхабтың азабы жеңілдеуде. Мәуліт түнінде қуанған, ол түнге құрмет көрсеткен адамның өте көп сауапқа қауышатыны осыдан да аңғарылады. Хафыз Мұхаммед ибн Жазари Шафии былай дейді: «Әбу Ләхаб түске кіріп «Жағдайың қалай» деген сұраққа «Қатты азап тартудамын. Тек әр жылы Рабиул-әууәл айының 12-ші түнінде  азабым жеңілдеуде. Расулуллаһ дүниеге келгенде сүйінші алып келген күңімді қуанғанымнан азат еткен едім. Сол үшін бұл түндерде азабым жеңілдейді» деп жауап берді».