Untitled Document

Сұхбат... Аллаһқа деген махаббат және Аллаһтан қорқу (2)

Мұхаммед алейһиссалам: «Араңызда Аллаһу та’аладан ең көп қорқатыныңыз – менмін» деген. Аллаһтан қорқу бір залымнан қорқу сияқты болмайды. Бұл қорқыныш – құрмет пен сүйіспеншілікке толы қорқыныш. Ғашық адамдардың өз сүйіктілеріне арнап жазған өлеңдерінде осындай қорқынышта екендігін көрсететін жолдар көптеп кездеседі. Бұл сүйгенін ренжіту қорқынышы.

Құран Кәрімнің «Фатир» сүресінің 28-аятында «Ілімі көптің Аллаһтан қорқулары да көп», «Рахман» сүресінің 46-аятында: «Раббының ұлылығынан қорқатын адамға екі жұмақ бұйырады» делінген. «Әнфал» сүресінің екінші және «Хаж» сүресінің отыз бесінші аяттарында:  «Муминдер – Аллаһтың есімі айтылған кезде жүректеріне қорқыныш сезімі келетін адамдар» деп көрсетілген. «Нұр» сүресінің 52- аятында:  «Аллаһу та’ала мен оның расулына мойынсұнғандар және Аллаһтан қорқатындар қияметте азаптан құтылады» делінген. Бұл аяттар адамдарды Аллаһтан қорқуға шақырады. «Хужурат» сүресінің 13-аятында: «Аллаһтың алдында ең қадірлі адамдар – Одан қорқатындар» деп бұйырылған.

Бұл дүниеде де ислам ғұламалары мен Жаратқанның әулиелерін құрметтеу өте бағалы мінез болып табылады. Осындай үлкендерге құрметсіздік ету, оларды ренжіту көптеген пәлекеттерге душар қылады. Ислам жолында көтерілген ғұлама Аллаһу та’аланың алдында өзін кіші ұстауды үлкен абырой деп біліскен. Аллаһтың құдіретінен қорқу, Оны сүю секілді маңызды және құнды амал. Аллаһу та’аланы тек жақсы көріп, Одан қорықпау, Оны тек жақсылық иесі деп санау, Ол күнәһарларды жазаламайды деп білу – қате. Аллаһу та’аланың көркем сипаттарымен қоса қаһарлық сипаты да бар.