Untitled Document

Сұхбат... Аллаһқа деген махаббат және Аллаһтан қорқу (1)

Аллаһтан қорқу және Аллаһты сүю адамды бақыт пен жан рахатына қауыштыратын қос қанат секілді. Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам: «Кімде-кім Аллаһтан қорықса, барлық нәрсе ол адамнан қорқады. Кімде-кім Аллаһтан қорықпаса, ол адам бәрінен қорқатын болады» деп бұйырады. Тағы бір хадис шәрифте «Ақылдың толықтығы – Аллаһтан қаншалықты қорқатындығынан білінеді» делінген. Аллаһтан қорыққан адам оның бұйрықтарын орындауға, тыйымдарынан сақтануға тырысады. Ешкімге жамандық жасамайды. Басқалардан келген жамандыққа сабыр етеді. Жасаған күнәларына өкініп, тәубе қылады. Сөзінде тұрады. Барлық жақсылықты Аллаһ үшін жасайды. Ешкімнің мүлкіне, арына, жанына қол салмайды. Жұмыста, сауда-саттықтта ешкімнің ақысын жемейді. Күмәнді нәрселерден аулақ тұрады. Жоғары лауазымды кісілердің алдында артықша қарапайымдылыққа беріліп, жағымпазданбайды. Білім және ахлақ иелері мен достарын құрметтейді. Мінез-құлқы жаман адамдарға насихат айтады, оларға еріп кетпейді. Кішілерге ізет көрсетеді. Қонағын сыйлайды. Зиянды, бос сөз сөйлемейді. Ешкімге қаталдықпен қопалдықпен мәміле етпейді, жомарт болады. Мал-мүлік және лауазымды жұртқа пайдалы болу үшін талап етеді. Екіжүзділік жасамайды. Аллаһу та’аланың көріп тұрғанын біліп, ешқандай жаман әрекеттерге бармайды.

Аллаһқа деген сүйіспеншілік Исламның ең жоғарғы деңгейі болып табылады. Бірақ, дүниеде тәртіпті, реттілікті қамтамасыз ету үшін осының өзі жеткілікті деп есептеп, Аллаһтан қорқу мәселесін назардан тыс қалдырмауымыз қажет.