Untitled Document

Ғибрат... Бұл кітаптарды үйден шығар!

Ачикбаш Махмұд (рахметуллаһи алейһ) Анадолы әулиелерінен. 1600 жылдары өмір сүріп, Бурса қаласында қайтыс болған. Ол бір күні көршісі және шәкірті болған жас жігіттің үйіне қонаққа барады. Үйіне барғанында әлгі жігіттің бөлмесіндегі кітаптарды көріп: 

- Балам, бұл кітаптарды үйден шығар, - деп ескерту жасайды. Жас жігіт: 

- Не үшін ұстаз?- деп сұрайды. Ұстазы:

- Ол кітаптардың барлығы зиянды,- дейді.

«Бірақ ұстаз...» дей бергенінде хазреті Махмұд:

- Сен мені тыңда, балам. Бұл кітаптарды үйіңде қалдырма!- дейді. Шәкірті:

- Жарайды ұстаз, бүгіннен қалмайды- деп, айтқанын істейтінін білдіреді. Дегенмен ол кітаптарды қимайды. Ұстазының сөзі жерде қалмасын деп бір-екі кітапты сол күні түнде тастап, ұйықтайды. Ұйықтауымен-ақ Махмұд хазретті түсінде көреді. Түсінде ұстазы: «Әлгі кітаптарды тастадың ба?» деп сұрайды. Қорыққанынан ұйқысынан шошып оянады. Кейін дәрет алып, намаз оқып, қайтадан ұйықтайды. Ұйықтауымен тағы да ұстазын түсінде көреді. Бұл жолы әуелгіден де ашулы күйде: «Әлі тастаған жоқсың ба кітаптарды?» дейді. Қорыққанынан төсегінен атып тұрып, кітаптарының барлығын тастайды. Ертеңіне таңертең есігі қағылады. Есікті ашқанында ұстазы Махмұд хазрет күлімдеп: «Әлгі кітаптарды тастадың, иә?» деп сұрайды. Шәкірт: «Иә, тастадым» дейді. Махмұд хазрет қолындағы кітапты беріп: «Ол кітаптардың орнына саған мына кітапты әкелдім. Бұл кітапты әһли сүннет ғалымы жазған. Осы кітаптың өзі жетеді саған» дейді. Кейін жас жігітке насихат айтады: «Балам, кездейсоқ қолыңа түскен жүз кітапты оқығаннан гөрі, дұрыс жазылған бір кітапты жүз рет оқы!»- дейді. Бұл насихат жігіттің жадында сақталады. Іштей қайталап та жүретін болды: «Кездейсоқ қолыңа түскен жүз кітапты оқығанша, дұрыс жазылған бір кітапты жүз рет оқы!».