Untitled Document

Күннің тарихы... Ахмет Байтұрсынұлы

5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Нақыл сөздері

* Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі.

* Пайғамбарымыз Мұхаммедті (алейһиссалам), исламды жұрты ұрып-соқты, тілімен балағаттады. Ол бәріне де шыдады, жеңді. Шыдам мен сабыр — ең күшті қару.

* Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.

* Балаларға көп үйретем деп асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал.

* Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек.

* Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.

* Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.

* Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.

* Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.

* Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек.

* Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.

* Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек.