Untitled Document

Сұхбат... Расулуллаһтың жақсы мінездері мен кейбір әдеттері (2)

9) Әрдайым ой үстінде, мұңды болып көрінетін, аз сөйлейтін. Сөйлегенде күлімсіреп тұратын. Орынсыз сөз, бос нәрсе айтпайтын. Керек кезінде пайдалы, мәнді сөздер айтатын, түсінікті болу үшін кейде үш рет қайталайтын.

10) Қонақтарына, сахабаларына қызмет ететін. «Бір қауымның ең қадірлісі - оларға қызмет ететін адам» дейтін.

11) Ешкімнің айыбын бетіне баспайтын. Ешкімнің үстінен шағымданбайтын. Артынан ешнәрсе айтпайтын. Біреудің сөзін немесе ісін ұнатпаса, «кейбір адамдар неге солай істейді екен?» дейтін.

12) Өте жомарт болатын, жүздеген түйе мен қойды таратып, өзіне ешнәрсе қалдырмайтын. Көптеген кәпірлер оның осындай жақсы істерін көріп иман келтірген. Өзінен бір нәрсе сұраған адамға ешқашан «жоқ» демеген. Бар болса  беретін, жоқ болса үндемейтін.

13) Аллаһу та’ала  «Сен сұра, мен берейін» деп бұйырса да, дүниелік нәрсе сұрамаған. Еленген бидай ұнынан жасалған нанды жемейтін. Әрдайым еленбеген арпа ұнының нанын жейтін. Ешқашан тойғанша жемейтін, нанды қоспасыз немесе құрмамен, жеміспен, сорпамен немесе зәйтүн майымен жейтін.

14) Барлық тағамды ұнататын. Өзіне ұсынылған нәрсені жейтін.

15) Үйге келгенде «жейтін нәрсе бар ма?» деп сұрайтын. Жоқ болса ораза тұтатын.

Денсаулық...Тар киім кию

Тар киімдер ағзадағы тіндердің қанмен азықтануына бөгет болады. Әрқашан еркін қозғалуға және дененің дем алуына бөгет болмайтын киімдер кию керек. Қыс айларында киілетін нейлон және синтетикалық маталар да денсаулыққа зиянды. Ревматизм сияқты көптеген ауруларға жол ашады. Тар киімдердің себебінен дененің кейбір бөліктеріне қиын жетіп барған қан адамның жаурауына да себеп болады және бүкіл денеге кері әсер етеді.