Untitled Document

Сұхбат... Расулуллаһтың жақсы мінездері мен кейбір әдеттері (1)

1) Өзін шақырған адамға «ләббәйк» деп жауап беретін. Ешкімнің қасында аяғын созбайтын. Тізе бүгіп отыратын. Жануарға мініп бара жатқанда жаяу адам көрсе, артына мінгізіп алатын. 

2) Сахабалары отырған жерге барған кезде төрге өтпей, бос жерге отыратын. Бірде оны көргендердің орнынан тұрғанын көріп, «Мен үшін орындарыңнан тұрмаңдар. Мен де сендер сияқты  адаммын. Барлық адам сияқты ішіп-жеймін. Шаршағанда отырамын» деген.

3) Тамақтанғанда, киінгенде және барлық нәрседе қызметшілерін өзінен бөлектемейтін. Оларға көмектесетін. Оған әрдайым қызмет атқарған Әнәс бин Малик «Расулуллаһқа он жыл қызмет еттім. Оның  маған жасаған қызметі менің оған жасағанымнан көп еді. Маған ренжігенін, қатты сөйлегенін көрген емеспін» деген.

4) Киімінің жыртық жерлерін тігетін. Жануарларға жем беретін. Базардан сатып алған нәрсесін үйіне өзі апаратын.

5) Ауру адамдардың көңілін сұрап, жаназаларға баратын. Кедей, бай барлық адамның жағдайын сұрайтын.

6) Таң намазын оқытқаннан кейін жамағатқа қарап отырып «Ауырып жатқан бауырларымыз бар ма, көңілін сұрайық» дейтін. Ауру адам жоқ болса, «Ешкім қайтыс болған жоқ па, барайық» дейтін. Қайтыс болған адам бар болса оны жууға, кебіндеуге көмектесіп, жаназа намазын оқытып, қабірге дейін баратын.

7) Бір сахабаны үш күн көрмесе, оны сұрайтын, кеткендер үшін қайырлы дұға оқып, қалада болғандардың жағдайын сұрауға баратын. 

8) Жолда кездескен мұсылманға алдымен өзі сәлем беретін.