Untitled Document

Тарихи тұлға... Мұсылманшылықтың тұтқасы

...1884 жылы Қазан қаласынан «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты Ы.Алтынсаринның кітабы жарық көрді. Кітап төрт бөлімнен құралды, бірінші, иман туралы, екінші бөлімде Құдайға құлшылық ету, яғни намаз оқу, ораза ұстау, кедейлерге садақа беру, қажылыққа бару жағы көрсетілді. Үшінші бөлімде – адамгерлішік жайы, намаз, ораза үстінде және басқа да жағдайларда оқылатын аяттарды жазды. Ыбырайдың бұл ісіне қазақ балаларын орысша оқыттың деп жақтыртпай жүрген дүмшелер сынмен қарады. Түрлі айыптар тақты. Ыбырайтанушы, ғалым, профессор Жамал Бәшірова: “Ыбырай жаратуышының барына шек келтірген емес. Бірақ ол дүмшелерге, сауатсыз діндарларға ашық қарсы шықты. Өйткені халыққа білім беретін молдалар еді. Ыбырай халықты соқыр сенімнен алыстатқысы келді. Иман деген – сенім екені белгілі, біз бұл тұрғыда Абай, Ыбырай, Шәкәрімдердің еңбектерін зерттей келіп, «иман тек діни ғана емес, сондай-ақ ғылыми сенімді де білдіреді» деген тұжырым жасадық. Ы.Алтынсаринның «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты кітабының кіріспесінде «Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ... Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне көңілі дұрысталмаса, әлбетте, ол намаз болып табылмайды.  ... Бес парызды орындауды тек мұсылман болып көріну үшін жасаған болса, ол да күнә», - делінген. Яғни, Ыбырай халықты адал өмір сүруге шақыра отырып, оның негізі ғылым-білім мен имандылықтың ұштасуында екендігін баса көрсеткен” – дейді.

Кейін өзі өмірден өткен соң оны көре алмайтындар “шоқынды” деп айтыптады, жала жапты.