Untitled Document

Ақпарат... Конституцияға енген өзгерістер

Негізгі өзгерістер:

*Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшеді;

*Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі;

*Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ;

*Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады;

*Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ;

*Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады;

*Сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады;

*Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді;

*Тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда республикалық референдум 5 маусымда өтті. Дауыс беру құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы қатысты.

Дауыс берушілердің келу көрсеткіші - 68,05 процент. Оның ішінде азаматтардың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға өзгерістер енгізуге дауыс берді. Түзетулерге қарсы - 18,66 процент (1 490 470 адам).

Бюллетеньдердің 2,58 проценті жарамсыз деп танылды. Бюллетеньдердің 1,58 проценті дауыстарды санау кезінде ескерілмеген.