Untitled Document

Денсаулық... Кез келген адам арықтай алады (2)

Диета мен дұрыс тамақтанудың айырмашылығы

Диета – отадан шыққан соң немесе белгілі бір аурумен ауырған кезде өзінің нормасына сай тамақтан шектеп, ұсталатын ем-дом түрі.  Ал, дұрыс тамақтану күнделікті өмір салтымызға айналуы керек. Дұрыс тамақтануда көбіне жеміс-жидекті, көкөністі, көк шөпті, қара ұннан жасалған тағамды қолданамыз. Әр адам өзінің күнделікті жұмысына, тұтынатын энергиясына байланысты калориясын  есептеп, тамақтанады.

Артық салмақ қайдан пайда болады?

Артық салмақ болсын, жалпы, кез келген  ауру үш түрлі фактордың әсерінен пайда болады: психологиялық, анатомиялық (физикалық), химиялық (сыртқы фактордың әсерінен, еркінен тыс). Кез келген адам өзімен жұмыс істеп бастағанда осы 3 факторды ескеріп, үшеуімен де қатар жұмыс істеуі керек. Қазіргі таңда артық салмақтың  жиналуына психологиялық  фактор жиі әсер етеді. Телефонды шектен тыс қолдану, үнемі интернет қосылып, ақпаратты фильтрден өткізбей қабылдау, дұрыс ұйықтамау да стресске алып келеді. Ал, бұл өз кезегінде адамның  салмақ жинауына тікелей әсер етеді.

Режимді бұзып қоймас үшін…

Артық  салмақпен күрес барысында ерік-жігер сыр беріп, режимді бұзып алмау үшін «cheat meal» енгізу керек. Бұл дегеніміз аптасына бір рет өзі қалаған тағамды тұтынуына болады. Сонымен қатар аптасына бір рет «разгрузочный день» жасап отыру керек. Сонда ерік-жігер де төтеп береді. Адамның сүйікті ісі, хоббиі болғаны дұрыс. Дұрыс тамақтанудың не екенін зерттеп, саналы түрде шешім қабылдап келу керек. Егер адам саналы түрде дұрыс тамақтануға көшпесе, бәрібір де режимді бұзып қояды.

Арай Әміре, диетолог